болмайды. Ешкім бізді біз ойлағандай жақсы көруге міндетті емес
екенін ұмытпаңыз. Біз бұл жерге сол адамнан не күткенімізді жазамыз.
3. Түсініктеме.
«Бəлкім, сенің бұл əрекетіңнің себебі…»
Бұл жерде сізді ренжіткен адамның неге солай жасағанын түсіндіру
маңызды рөл атқарады.
Мəселен, бір қыздың əкесі қызға үнемі зəбір көрсеткен маскүнем
болды. Ол бұрын қайтыс болса да, қыздың
көңілінде оған деген өкпе-
реніш қалып қойды.
Мен одан əкесінің балалық шағы туралы айта алатын кез келген
туысын іздеп табуын сұрадым. Туыстарымен мүлде араласпағандығы
себепті қыз бала ұзақ уақыт бойы менің айтқаныма қарсылық көрсетті.
Нəтижесінде ол əкесінің əпкесінен, өз əжесінің жеңіл жүрісті
болғанын, үйіне үнемі бейтаныс ер адамдарды əкелетіндіктен
балаларына мүлде көңіл бөлмегенін білді.
Əкесінің
осындай қатыгездік көріп, ана мейірімін білмей өскенінен
қыз бейхабар еді. Бəлкім, бұл отбасында да жанұя жылуын сезінбеу
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дерт болған шығар.
Адам барлығын түсіне білгенде: «Менің
айналамдағылардың барлығы
«мейірімсіз» болса, неге енді менің «мейірімді» бола қалуым керек?»
деген тəкаппар сауал тууы мүмкін.
Мен осы тақырыпты жеке блогымда жариялағанымда, көптеген
оқырмандарым маған: «Иə, бəрі дұрыс жазылған. Білесің бе, мен де
өзімді ренжіткен адамды кешірер едім,
бірақ сен менің оқиғамды
білсең, бұл əрекетті кешірудің маған қалай қиынға соғарын түсінер
едің!» деп жазған еді. Өзімшіл болған адамның сүйікті ісінің бірі де
осы: «Менің басымдағы мəселе – Жер шарындағы ең қиын мəселе.
Мені ренжіткендей ешкімді тіпті, ешқашан ренжітпеген», –
деген қате
түсінігі.
Менің өзімшілдігім маған біреуді кешіруге мүмкіндік бермеген кезде,
өз-өзіме: «Егер өкпе-ренішті кешіру арқылы күшті адамға айналып,
үлкен қуат-көзіне ие болу үшін, іштегі
өзімшілдікті жою керек болса,
неліктен солай жасамасқа?» деген сауал қоям.
Достарыңызбен бөлісу: