Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Адамның ішкі күші. Виртуалды cash back



Pdf көрінісі
бет41/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Адамның ішкі күші. Виртуалды cash back.
Ғаламнан қалағаныңды қалай алуға
болады?


Магия мен эзотерикада жеке дара күш атты ұғым бар. Бұл біздің
түсініктегі рух күші ғой деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ олай емес. Мен
эзотерика ұғымына тереңінен үңілместен, жеке күш ұғымын өз
түсінігіммен талдап беремін. (Магиямен айналысатын жандар кешіріп
қойсын).
Мен үшін адамның күші – ғаламдық виртуалды валюта. Бұл ерекшелік
бойыңызда неғұрлым көп болса, соғұрлым көп нəрсеге қол жеткізесіз
яки «сатып ала аласыз». Ал ол аз болған сайын сіз дəл сондай
мөлшерде ғаламның прайс-парағынан қалағаныңызды таңдай аласыз.
Мəселен, «Поле чудес» бағдарламасын осындай бір дүкен делік.
Елестетіп көріңізші, ойын соңында жүргізуші Леонид Аркадьевич
жеңімпазға: «Сізде барлығы 2890 ұпай бар. Сіз біздің дүкеннен өзіңіз
қалаған кез келген сыйлықты таңдай аласыз», – дейді. Жеке күште де
дəл осындай.
Адамның ішкі күші қалай жиналады?
Əйгілі Стивен Кови өзінің «Семь навыков высокоэффективных людей»
атты кітабында бір қызықты оқиғаны баяндайды.
Бірде жаттығу залына философия ғылымдарының докторы болған
жолдасыммен бірге бардым. Сол уақытта ол адам физиологиясы
жөніндегі сұрақтарға, нақтырақ айтсақ, күшті адам болу секілді
тақырыптарға қызығушылық танытып жүрген.
Ол менен өз жаттығу құралының бірнеше рет салмағын ауыстырып
болғанға дейін, жанында болуымды содан кейін зілтемірді ұстай
тұруымды өтінді. Онымен қоса, «Тек менің бұйрығым бойынша!» деп
қатты ескертіп қойды.
Мен оның тоқтаусыз жоғары-төмен қозғалған зілтемірін кез келген
оқыс жағдайда көтеріп алуға дайын болу үшін жолдасымның қалай
жаттығып жатқанын жіті бақылап тұрдым. Зілтемірді одан əрі көтеру
қиынға соқса да, ол жаттығуын тоқтатуға асыққан жоқ. Досым
зілтемірді жоғарыға көтерген сайын: «Əй, ендігісіне шамаң жетпей
қалады-ау?!» деген ой санама орала берді. Алайда ол бұл жаттығудың
қиындығына оңай беріле салмады. Зілтемірін жаймен түсіріп,
əдетінше, қайтадан көтерді. Мен өз көзіме өзім сенбей таңырқаумен
болдым.
Бет-жүзін қызарта түскен зіл-батпан ауырлық досымның тамырларын
жарылардай ісіртіп жіберіпті. Ал ауыр темірдің əсерінен оның арыс


кеудесі тарс жарылардай көрінді. Оның қиналған түріне қарап тұрып
ол өз-өзін басқара алмай не істеп жатқанын өзі түсінбей тұр ма деп
алаңдадым. Бəлкім, араласуым қажет шығар деп ойладым. Бірақ ол
зілтемірін баппен түсіріп, қайта көтере бастады. Мен оған расында таң
қалдым.
Ақырында, ол зілтемірді алуға белгі берді. Мен оның бұл əрекетін
түсіне алмай:
– Неге сонша өзіңді қинадың? – дедім.
– Жасалған жаттығулардың əсері соңында байқалады, – деп жауап
берді. – Менің күшті болғым келеді. Ал мен күткен нəтижеге тек
бұлшықет талшықтарының жыртылып, жүйкең ауыртпалықты
сезінгенде ғана жетесің. Содан соң, табиғат өтемақысын
(сверхкомпенсация) таратуды бастайды. Кейін қырық сегіз сағат
ішінде бұлшықет талшығы қалпына келіп, бұрынғысынан əлдеқайда
күшті болады.
Бұл оқиға не туралы? Бұл өз-өзіңді ояту жайлы. Оқиға жігер мен
намыс бізді күшті етеді. Біз өзімізді бағындырған сайын ішкі күш
қоржынына түскен виртуалды тиындармен толысатынын біліңіз.
Оларға қол жеткізу үшін бізге алға қойған мақсаттарымыз көмектеседі.
Соларға табан тіреу үшін де біз бар күш-жігерімізді саламыз.
• Спортпен шұғылдану.
• Дұрыс тамақтануға көшу.
• Күн тəртібін сақтау.
• Кешігуге жол бермеу.
• Шағымдануды тоқтату.
• «Жоқ» деп айтып үйрену.
• Уəделерді орындауды бастау.
• Күн сайын таза ауада серуендеу.
• Əлеуметтік желілерден бас тарту.
• Үйді үнемі тазалауды əдетке айналдыру.
• Екі жыл бойы армандаған тіл курстарына бару.
• Болмашы жайттарды кешіру. (Өкпе-ренішті ұмытып, өкпелеткенді кешіру)
Ең бастысы, сіз бір істі жасарда ол нəрсе өзіңізді оятып, ерік
жігеріңізді талап ететін əрі күресуге тұрарлық дүние болуы қажеттігін
ескеріңіз. Мысалы, тағамға тəуелсіз адамдар болады. Сондықтан олар
үшін дұрыс тамақтануға көшу қиындық тудырмайды. Олар бұл
нəрсемен күрескеннен ешқандай жеңіс таппайды.
Ал мен сияқты адамдар күні бойы тамақтана алады. Олар үшін дұрыс
тамақтануға көшу, əрине, үлкен күш-жігерді талап етеді. Сондай-ақ


бұлар онымен күресу арқылы оңай болмаса да өздеріне пайда əкелер
бір жетістікке жетері сөзсіз.
Немесе зұлымдықтың пайда болуы сияқты күрделі тақырыпты
қарастырып көрейік. Қоғамда агрессивті адамдар да бар, тұйық
адамдар да бар. Зұлымдықты оңы мен солына жайып жүретін
агрессивті адамдар үшін өзін-өзі ұстау мен айқайлап алғысы келетін
кезде үнсіз, тілін тістеп қалу оның жеке күшінің жиналуына мүмкіндік
береді. Сəйкесінше, өзіне айқай салған адамға жауап қатпай үнсіз
қалатын. Өзгенің ашуына қарсы келу қорқыныш тудыратын тұйық
адамдар үшін қажет кезінде агрессиясын еркін шығара білуі жеке
күшінің жиналуына себеп болады.
Бұл үшін арнайы əмбебап формулалар жоқ. Тек өзіңізге қиын болған
нəрсені жасау маңызды. Əрине, адамның ішкі күші тек сын-
қатерлермен ғана емес, сондай-ақ, адам шынайы жақсы көрген
нəрселерді жоспарлы түрде жасағанда да толығып отырады. Бұл да
адамды күшті етеді
.


Өзгеруді қалағандардың қателігі туралы
Мен жеке өзгеріс жайын талдайтын маман ретінде əрдайым өзгеруге
талпына бастаған адамдар жіберетін бір қателікті атап өткім келеді.
Олар барлық саланың өзара байланысты екенін ұмыт қалдырады.
Міне, қарапайым мысал. Бірде Игорь Манн (баспаның негізін қалаушы
жəне бұрынғы бас директор) Михаил Ивановтың триатлонмен
айналысуды қолға алғанында, «Манн, Иванов жəне Фербер»
баспалары тезірек жұмыс істеп, көп пайда əкеле бастағанын алға
тартты.
Бас директордың спортпен белсенді айналыса бастауы оның
жұмысындағы пайданың артуымен тікелей байланысы қай жерде
дерсіз.
Байланыс бар. Ғаламға сізде жинаған ішкі күштің «ұпайларын» қандай
қажеттілікке жұмсайтыныңыз маңызды емес. Бəлкім, жаңа қарым-
қатынас құру болсын не болмаса компанияның пайдасын арттыру, бір
мəселені ойдағыдай сəтті шешу үшін болуы да мүмкін.
Шартты түрде үдеріс осылай жүзеге асады.
Алдымен ұпай жинаймыз.
Бір жыл спортзалға бару – 130 ұпай.
Күн тəртібін қалпына келтіру – 50 ұпай.
Эмоцияны бақылауда ұстауды үйрену – 150 балл.
Басқару дағдыларын күшейту – 90 ұпай.
Барлығы: 420 ұпай.
Енді өзіміз қалаған нəрсені таңдаймыз.
Стартап ашу – 330 ұпай.
Өмірлік серік табу – 400 ұпай.
Ескі жұмыс бойынша жаңа ұсыныс – 170 ұпай.
Ұзақ уақыт бойы армандаған əрекетті жасау үшін күш пен батылдық
(мысалы, басқа қалаға көшу) – 300 ұпай.
Бірақ мына нəрселерді есте ұстау керек.
Біріншіден, егер сіз бір жыл бойына жаттығу залына барып жүрсеңіз,
онда жұмысыңызда жаңа лауазымға ие болатыныңызға ешқандай
кепілдік жоқ.
Екіншіден, таңдау кезінде сіз ойлағандай ұпай жинап өзіңіз қалаған
нəрсені оп-оңай шертіп тұрып таңдап ала алмайсыз. Ғаламның өзі сізге
қажет болған жəне жаныңызға жақын болған дүниені береді.


Əрине, ол үшін түгел тұла бойыңызды, ой-санаңыз бен жан-тəніңізді
оятуыңыз керек. Сіз толық жігерленіп күшті болған кезде ғана шынайы
ғажайыптар басталады.
Қалаған нəрсеме қалай қол жеткізетіндігім жайлы
қысқаша əңгіме
Өмірімнің бір кезеңінде телевизия мен журналистика саласынан кетіп,
əрі қарай немен айналысатыным өзіме беймəлім болған сəттер де
болды. Жолдастарым мен бұрынғы əріптестерім маған жақсылап
түйіндеме жазып, оны барлық жерге таратуға кеңес берді. Ал менің
ойымша, бұл нұсқа көмектеспейді. Себебі бұл – өз ішімнен шықпаған
бөгде əрекет.
Кез келген жұмыс ішкі деңгейде жүруі тиіс. Ең қуатты мүмкіндік сізге
өзі тартылуы үшін алдымен күш-жігеріңізді өзіңіз қайрай білуіңіз
керек.
Мен бос жұмыс орындарын іздеп, (бір əзілде айтылғандай: «өзіме
түйіндеме жазып, жылап алдым. Сөйтсе, мен сондай тамаша адам
екенмін ғой!») өзім туралы мінсіз жазылған ондаған түйіндемені
ешқайда жіберіп жатпадым. Жоқ, бəрі сіз ойлағаннан да əлдеқайда
басқаша жұмыс істейді.
Мен жай ғана: спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануымды
қадағалап, əлеуметтік желілерде аз уақыт өткіздім. Пайдалы дүниелер
болмаса адамдармен кездесуді тыйып, қатаң тəртіпті қалыптастыру
үшін көп жазуды дағдыға айналдырдым. Осылайша жеке күшімді
жинай бастадым.
Бірнеше айдан кейін маған кітап баспасындағы бос жұмыс орнынан
ұсыныс келді. Мен түйіндемемді жібермедім, тек жай ғана компанияға
мен үшін бұл қызметтің қызықты боларын жаздым. Осылай мені 500
үміткердің ішінен таңдап алды.
Əрекеттер осылай жүзеге асады. Сіз күшті болған кезде, мүмкіндіктер
сізге өзі-ақ келеді.


Психология тұрғысынан түсіндіру
Мұның бəрін психология тұрғысынан түсіндіруге де болады.
Біз өзімізді неғұрлым көп бағындырар болсақ, біздің өз-өзімізді
бағалауымыз соғұрлым жоғары болады.
Өз-өзімізді бағалау жоғары болған сайын, біз өзімізді барынша көп
нəрсеге лайық деп сезінеміз.
Біз өзімізді неғұрлым көп нəрсеге лайық деп санағанда – біздің
таңдауымыз да соғұрлым жоғары болады.
Біздің таңдауымыз неғұрлым сапалы болса, соғұрлым керемет өмір
сүреміз.
Барлығы өте қарапайым.
Кейде санамда: «Не үшін жаттығу залына баруым керек?» деген сауал
тұрады. Жауабы тек «денім сау болу үшін не жақсы көріну үшін» ғана
емес. Бұл іс-əрекеттің менің жеке күшіме виртуалды ұпай/ақша
қосатынын білемін. Жаттығу залына бару – бар əлемге өзіңізді жеңіп,
бақылай алатыныңызды дəлелдейді. Демек, бұл қадаммен сапалы
өмірге əбден лайықпын деуге болады.
Сондықтан келесі жолы қандай да бір қиындық туар болса, тоқтап,
тыңдай біліңіз. Бəлкім, сіз іздеген шешім өзі-ақ алдыңыздан шығар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет