Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет37/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Тұрақтылығы:
күнделікті кемінде 30 минуттық серуен, қалғандары
өз қажеттіліктеріңізге байланысты.
7. Саяхат


Джон Лерердің «Кради как художник» атты кітабында мынадай
керемет фраза бар: «Арақашықтық пен жаңа нəрсе –
шығармашылықтың құпия ынталандырушылары. Ал үйге келгенде
біздің шабытымыз сол баяғы күйіне қайта енеді. Дегенмен біздің
басымызда бір нəрсе өзгерді. Бұл – барлығының өзгергені».
Бақытты күйді сақтап қалу үшін кейде декорацияны өзгертіп тұру да
қажет. Саяхат əртүрлі болады. «Микросаяхат» деген түрі де бар. Бұл
кезде сіз көрші қалаға саяхаттайсыз немесе əлі болып көрмеген орынға
барасыз. Мұндай сапарлар біздің балалық қызығушылығымызды
сақтап қалуға жəне құлшынысымызды арттыруға жəрдемдеседі.
«Үлкен саяхат» жайлы айтпасам да болатындай. Бұл тақырып жайлы
романдар жазатын Анатоль Франс кереметтей баяндаған: «Қандай
жағдайда да, саяхаттың үйретері мол. Кей кездері өзге бір жаңа орында
өткізілген бір күннің берері үйдегі он жылдан артық болып жатады».
Тұрақтылығы:
«микросаяхат» – аптасына бір рет, «үлкен саяхат» –
мүмкіндікке байланысты.
Есіңізде болсын: бақыттың барлық құраушыларын күнделікті
өміріңізге енгізу қиын іс емес. Ықыласыңыз болса, жеткілікті.
Қалай дұрыс қайғыру керек немесе əрқашан
мықты болуға тырысатын адамдарға
арналған нұсқаулық
Жақында бір футбол жаттықтырушысының оқиғасы жайлы естідім
(белгілі бір себептермен атын атай алмаймын). Оның командасының
турнир кестесіндегі ұпайы бірқалыпты жоғары қарай көтеріліп
отырады. Əлгі жаттықтырушыдан талмай еңбек етуден басқа бұл
табысының сыры неде екендігі сұралғанда, ол былай деп жауап береді:
«Командам ұтылған сайын, мен əрдайым оларға осы жеңілістің
əсерінен арылуы үшін 48 сағат уақыт беремін. Олар өздері қалағанша
көңіл көтереді, барларға бара ма, жатып алып жылай ма, өздері біледі.
Олар бұл жеңілістің əсерінен толықтай арылып, оны санасынан өшіріп
тастауы керек. 48 сағаттан кейін олар қатарға қайта оралып,
депрессиясыз ойнауға тиіс. Команда жеңіске жеткен кезде де дəл
осылайша жасаймыз. Олар 48 сағат бойы жеңісті тойлап, өздерін
эйфорияға батыруға құқылы. Алайда екі күн өткеннен кейін олар


қайтадан жаттығуға кірісіп, кешегі жеңістің бəрін ұмытып, алдағы
ойынға толықтай шоғырлануы керек».
Менің ойымша, бұл – өте керемет принцип. Біздің эмоциямыз
тоңазытқыштағы азық-түлік сияқты. Егер оларды уақытында өткізіп
жібермесек («жеп қоймасақ»), бұзылып, өмірімізді «улауы» мүмкін.
Көз алдыңызға өте маңызды жекпе-жекте жеңіліп қалған чемпионды
елестетіп көріңізші, ол жеңілісінен кейін өзін мықты ұстауға
тырысады. Ол бəріне: «Менде бəрі дұрыс!» деп айтады. Шындығында,
ол əр күн сайын өз-өзін іштей жегідей жейді... Ол үшін бір-екі күн,
тіпті бір апта болса да, ашуын тарқатып, бəрін ұмытып, əрі қарай
жүрсе жақсы болмас па еді?
Жақында мен əлеуметтік желілердегі топтардың бірінен көптеген
репосттарға ие болған мəтінді көзім шалды. Онда былай деп жазылған:
Мүлдем еш нəрсе қызық емес. Еш нəрсе алаңдатпайды. Ешкім де
ештеңе де мазаламайды. Аквариумдағы балық секілді өмір сүрудемін,
тамақ жеймін, ұйықтаймын, қабырғаларға қарап отырамын. Мен
сенуден қалғанмын. Ешкімнен ештеңе күтпеймін, тіпті үміт
артпаймын. Біреуге я болмаса бірдеңеге мұқтаж да емеспін. Ештеңе
ұнамайды. Маған ешкім керек емес. Барлық тіршілік атаулыдан
көңілім əлдеқашан қалған. Мен оқу оқымаймын, өйткені ешқандай
мəн-мағына көрмеймін. Көгілдір экраннан беретін кино-фильмдер де
қызықсыз. Адамдар да қызықсыз. Əлемнің барлық елдері іш
пыстырарлық. Менде абсолютті əрекетсіздік. Мен үшін бəрінің
маңызы жоғалғаны, дүниенің бос болғаны соншалық – тіпті ақырзаман
орын алса да, оны байқайтын түрім жоқ.
Бастапқыда бұл (Рязаньдық Онегин) Рязань шығанағынан көңілі
қалған 20 жастағы Онегиннің романтикалық сандырағы іспеттес
көрінгенімен, көп адамдар осындай күй кешеді. Бұл жай ғана
үмітсіздік сезімі емес. Анығырақ айтсақ, бұл – адам өзіне бір сезімді
өткеруге тыйым салғандықтан пайда болған ауру.
Алекситимия
30
30
 Алекситимия – адамның өз сезімдерін сөзбен жеткізудегі қиындығы. (ред.)
Бірнеше күн бұрын мен бір психиатр дəрігермен сөйлескен
болатынмын. Оның пікірінше, егер адамдар өздерінің эмоцияларын
білдіруді үйренетін болса, көптеген проблемалардың алдын алуға
болатынын айтты. Ал бізде ұл балаларды қалай тəрбиелеп өсіреді?


Бала кезінен оларға: «жігіттер жыламайды», «ер жігіт ұстамды болуы
керек» деген сөздерді құлағына құйып, эмоцияларын білдіруіне кедергі
келтіреді. Нəтижесінде, осындай үлкен «Тасжүрек адам» өседі.
Сенімді болғанымен суық адам ретінде қалыптасады.
Психологтар мен психотерапевтерде «алекситимия» деген түсінік бар.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұндай кезеңде адам ештеңе сезінбейді
немесе не сезінетінін түсінуде қиындық туғызады.
Біздің əлемде кекшіл болуды керемет санайтын жандардың бар екені
таңғаларлық жайт емес. Осы тұста тағы бір қалыптасқан заманауи
таптаурынды «сəтті жетістік» философиясы бар. Оның кемшілігі –
өзіңізде əрқашан барлығы жақсы екенін жəне сізде ешқандай
проблемалар болмайтындай етіп көрсету. 
Менің бір таныстарым, ерлі-зайыптылар, бақытты отбасылық өмірді
құру жөнінде тренингтер жүргізеді. Камера қосылған бетте, олар
ғашық жандар ұқсап бір-біріне жылы жүзбен қарайды да, ұмытылмас
кездесуді екінші жартыларына қалай ұйымдастыруға болатындығы
туралы əңгімелейді. Бірақ камера өшкенде, олар ашуланшақ əрі суық
адамдарға айналады.
Маған əрдайым өздерінде барлығы жақсы болып жүретіндей түр
жасайтын адамдар ұнамайды. Сізде де əрқашан барлығы жақсы бола
бермейді ғой. Əрдайым «жақсы» ол тек көзінің мүкісі бар яғни зағип
жандарда болады (жаргон үшін кешірім сұраймын).
Барбара Шердің ашу-ызаны қалай дұрыс білдіруге
болатындығы туралы кеңесі
Балалық шақтан бізге ұстамды болуды жиі айтатын, жағымсыз
эмоциялармен күресуге де үйретті. Алайда оларды дұрыс бағытқа
бағыттауға үйреткен жоқ. Негативті де қабылдай біліп, толығымен
өткере білу керек. Тек мұны дұрыс жолда (кем дегенде қылмыстық
кодекс ширегінен асып түспейтіндей) жəне басқа адамдарға қатысты
болса, саналы түрде жасаңыз. Біз «ашулану» сезімінен өзімізді
шектедік. Оны тыйым салынған нəрсе деп таныдық. Екі жасар балаға
бір нəрсені үйретуді ұмыттық. Ұмытқанымыз – адамға ашулану
жағымды болатынын айту. Біздің ішкі əлемімізде батыл қыз, қайсар
бала бар. Əрқайсымыздың ішімізде шыдай алмайтын,
басқарылмайтын, сыртқа шыққысы келіп тұратын бала отырады. Ол
менде де бар, сізде де бар.


Бұл шыдамсыз бала сіздің балаңыз, сондықтан оны жақсы көрген
абзал. Оған көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Оның «жағымсыз» қылықтарын
елемей қойсаңыз, өміріне қауіп төндіресіз. Қарапайым мысал, кəдімгі
энергиясы тасып тұрған баланы жаңа киіммен сəндеп, қалауынан тыс
өзіңізбен бірге мешітке ертіп əкелдіңіз делік. Баладан шуламай
отыруын сұрайсыз. Əлбетте, бала керісінше əрекет етіп,
құлшылығыңызға кедергі келтіреді.
Егер сіз балаға ескі джинсын кигізіп, оның емін-еркін алаңда жүгіріп,
балшыққа батып, тіпті көшедегі итті мазақ етуіне, сиырды тепкілеп
онымен қоймай айқайлауына еркіндік бердіңіз делік. Ұйқысынан
оянған соң, ойынға тойған бала мешітке тыныш баратын болады əрі
өзін сабырлы ұстайды.
Өз тəжірибемнен өткен
Біршама уақыт бұрын демалыс уақытында өзіме 48 сағат бойы
«қайғыруға» себеп таптым. Бұнда бастысы жағдайым мəз емес екенін
ұғынып, өз азаптарымды қаз-қалпында қабылдай, өзіме «кінə» артпау.
Мен көп шоколад, қоюландырылған сүтпен құймақ жедім. Ең ақымақ
фильмдердің бəріне бардым, өзіме тұтқаны көтермеуге жəне
хабарламаларға жауап бермеуге ерік бердім. Кейде мен жай отырдым
да, терезеден аулаға үңілдім. Содан кейін үйден шығып, бір сағат бойы
көше бойымен қалықтап бара жатқан пакетті тамашаладым. Зая кеткен
уақыттарымды пайдалы нəрсеге жұмсауға болады деп ойланбастан
уақытымды осылай өткіздім.
Мен бұны тіпті ақылсыздыққа дейін жеткіздім. Көңілім көтерілген соң
өзіме: «Кешіріңіз, қымбаттым, сізде 48 сағат азап бар. Дүйсенбіде
бақытты сағаттар басталады, бірақ қазір – бəрі сіз үшін ең қайғылы».
Сіз бұған сенбейсіз: мен 48 сағат ішінде азаптан шаршадым. Сөйтіп,
толығымен негативті ойлардан арылдым. Сондықтан мен жаңа күн
басталғанда еркін «самғадым».
Бұнымен не айтқым келді? Өзіңізге қуантуға да, қайғыруға да
мүмкіндік беріңіз. Өзіңізді қалай болсаңыз, солай қабылдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет