Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет45/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

4. Сезім көрінісі.
«Сен бұны жасағанда, мен өзімді…»
Бұл жерге өкпелеген кезіңізде қандай сезімде болғаныңызды, сізге бұл
қалай ауыр тигені жөнінде егжей-тегжейлі сипаттап жазсаңыз болады.


Эмоцияңызды іште сақтамаңыз, қалағаныңызша жылаңыз, əлденені
шимайлаңыз. Ең бастысы – бəрін қағазға түсіріңіз.
5. Жауапкершілікті бөліп қарастыру.
Енді жауапкершілікті тең бөлу керек.
Сонымен, бір адам өз мінезінің жағымсыз тұстарын көрсетуді шешті
делік. Иə, ол сізді қорлады / соққыға жықты / махаббат пен мейірім
сыйлай алмады. Бұның барлығы оның жауапкершілігінің 50%-дан
аспайтынын көрсетеді.
Сіздің іштегі бала бейнеңіз ренжіген күйі жылайды, өзіне қажет
шынайы махаббатты сұрайды. Бұған қандай қарым-қатынас
жасайтыныңызды тек өзіңіз таңдай аласыз. Ал бұл сіздің
жауапкершілігіңіздің 50%-ы болады.
Енді өзіміз жазған хатпен не істейміз? Хатта өз ойыңызды ашық
айтып, оны егжей-тегжейлі етіп жазыңыз. Кейіннен хатыңызды сөреге
жинап қойсаңыз да, өртеп жіберсеңіз де өз еркіңізде. Қаласаңыз,
жазылған хатты сізді ренжіткен адамға жолдаңыз, болмаса жараңыз
жазылғанға дейін жазуды тоқтатпаңыз.
Мен сізді айтылған ойға тереңінен бойлай алатын, түсінігі мол адам
деп ойлаймын. Соңына дейін оқығаныңызға ризашылығымды
білдіремін!
Адамдар өздері сүйген іспен айналысудан
немесе көп ақша табудан неге қорқады?
Неліктен адамдар бірінші кезекте жаттықтырушы не коучерге
баратынын білесіз бе? Бəлкім, ақпарат, жаңа білім, əдіс-тəсілдерді
үйрену үшін деп ойларсыз?
Олай емес.
Олар... рұқсат алу үшін келеді. Əлбетте, ішкі ойда өздері қалайтындай
өзгеше жайлылық болуы тиіс. Біз бала кезімізден санамызға «Анашым,
маған... бола ма?» деген жүйені əбден сіңіріп алғанбыз. Содан соң
ықпалы үстем тұратын бір жан: «Əрине, болады!» – деп айтуы керек.
Бір қыздың бастан кешкені
Адамдар өз-өздерін кінəлі сезінетіндіктен «қалыпты» өмір сүре
алмайды. Мен осы орайда атақты рок əншісі Брюс Спрингстинмен
болған сұхбаттан үзінді келтірейін: «Мен əн айтқанды ұнатамын,


сондықтан оны тегін орындауға дайынмын. Десе де, миллиондаған
долларды тауып жатқаным үшін мен əлі күнге дейін өзімді кінəлі
сезінемін».
Ал енді бір əңгіме.
Жақында менің дəрісімде бір жас қыз болды. Анасы өмір бойы
пойызда жолсерік болып жұмыс істеген, ал əкесі ауыр жүк көлігінің
жүргізушісі болған. Жалпы, ата-анасы оның өмірін ойдағыдай ету
үшін үшін ғұмыр бойы еңбек етіпті. Оның 17 жасқа дейін қатынас
жолдары университетінде оқуы үшін ақша жинайды. Бір əттеген-айы –
қыздың теміржолшы болғысы келмеуі еді. Керісінше, ол ғажайыбы
мол жер-жаһанды аралап, түрлі қорықтарды суретке түсіретін
фотограф болғысы келеді.
Əйткенмен ол мұны ата-анасына жеткізе алмайды. Өйткені ол өзін
кінəлі сезінетін. Ол өмір бойы теміржолда жұмыс істеуге дайын, себебі
ол ата-анасының жүзеге аспаған ойларын шындыққа айналдыратын
секілді еді. Ақырында, ару естісе жаны түршігетін мынадай қағиданы
шығарды: «Мен өзімді бақытты етуге жəне өзім қалағандай жан болуға
өзіме рұқсат етпеймін. Өйткені мен өмір бойы бақытсыз күй кешкен
ата-анама опасыздық жасаймын ба деп қорқамын».
Көп адамдар өзін отбасылары алдында осылай кінəлі санайтындығы
соншалықты – олар көп нəрседен тежелу арқылы өздерін жеңіл
сезінеді. Сондай-ақ жаның жалығар жұмыс пен мəні жоқ өмірді
таңдап, өздері үшін бар өмірін еңбекпен өткізген ата-ана бейнетінің
ендігі зейнетін көрсетеміз деп ойлайды.
Ал маған фотосуретші болуға жəне бақытты өмір сүруге (бұл
қаншалықты таңқаларлық болса да) рұқсат алу үшін бір нəзік жанды
келді. Мен əрине рұқсатымды бердім.
Менің оқиғам
Менің бар ойым – адамдарға жəрдемдесу екендігін түсінген сəтімде,
менің бойымды бір қорқыныш биледі. Мен қалай да мұғалім болғым
келгендігі үшін өзімді айналамдағылардың алдында кінəлі сезіне
бастадым.
Сосын мен саналы түрде өзім қалаған іспен шұғылдануға «рұқсат
беретін» адамды іздедім. Кенет мен өзіңді табу тренингіне тап болдым.
Кейін мен тренинг жүргізген қызбен əңгімелескен ем, сол жерде ол
маған: «Менің дəрісімнен ешқандай да ақпаратты меңгермегенің анық.


Десе де, сен əрекет етуге қорқасың, өйткені саған рұқсат қажет.
Сонымен: мен саған рұқсат етемін», –деді.
Қазір маған психолог, жазушы, ірі халықаралық компаниялардың
негізін қалаушы болғысы келетін адамдар келеді. Бірақ олар діттеген
мақсаттарына жете алмайды. Себеп біреу ғана – рұқсат жоқ.
Олар өздерінің нағыз мақсаттары жайлы ішкі үреймен бір-бірлеріне
сыбырлап айта бастаған кезде жəне бар мəселе, барлық кедергі тек
өздерінің қара бастарында екендігін түсінген шақта, олардың көз
қарашығы ұлғая бастағанын байқаймын. Бұл жағдайды бір ғана
мысалмен баяндасақ болады.
Шəкірт ұстазына келіп, былай деп сұрайды:
– Ұстаз, қалайша еркін адам атануға болады?
Сонда ұстаз:
– Сен қазір еркін емессің бе? Ендеше, сені кімнің «байлап» қойғанын
анықта!
Шəкірті шығып кетіп, екі аптадан соң қайта келеді. Ұстазы сол кезде:
– Қалай, шырағым, сені кімнің «байлап» қойғанын біле алдың ба?
– Иə, ұстазым! Мені ешкім байламаған екен!
Сол тұста шəкірт өз-өзіне іштей қайран қалған күйде үнсіз қала берді.
Ақша туралы оқиға
Жақында бір кəсіпкермен сөйлескенімізде, ол мынадай оқиғасын
айтып берді. Екі жылдан бері ол айына 300 мың рубль ақша табады
екен. Тек тұрақты 300 мың, одан артық емес.
Жалпы, Ресейде, өзіңіз білетіндей, қоғамдық пікір көп ақша табуды
құптай бермейді. Егер адам бай болса, оны ұры, екіжүзді деп санайды.
Біздің көпшілігімізді ата-анамыз: «елден ерекшеленбеген жақсы,
əйтпесе адамдар басқаша ойлай бастайды!» деп тəрбиелеген.
«Бұл менің ішкі деңгейім екенін түсіндім. Мен өзіме көп ақша табуға
мүмкіндік бермеймін», – деді кəсіпкер досымыз. Бірақ екі ай бұрын ол
өзіне сый жасауды жөн санап, Дубайдағы бизнес-кештің біріне барады.
VIP секторынан билет алу үшін ол өзінің айлық жалақысын, яғни 300
мың рублін жұмсайды. Бірақ бұл шығынға жігіт əбден лайық болды.
Елестетіңізші, мен айына бір, екі, үш, қырық, елу миллион табыс
табатын адамдарды көрдім. Мен оларға қарап: «Маған да бұлай
жасауға не кедергі деп ойладым», – деді ол құлшынып.


Кейін осынау миллионерлердің ордасы оған көп ақша табуға рұқсат
берді. Дубайдан оралғаннан кейін оның жалақысы бірінші айда 50
пайызға артты.
Бəрі түсінікті: өзіңіз армандаған адам болу үшін алдымен өзіңізге
мұрсат беруіңіз керек. Қазір мына сұраққа жауап беріңізші: «Ал енді
сізді «байлаған» кім?»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет