Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Ерік-жігеріңізді шыңдауға жəне өзгерістерді



Pdf көрінісі
бет60/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Ерік-жігеріңізді шыңдауға жəне өзгерістерді
қабылдауға көмектесетін екі қадам
Соңғы үш жылда мен 30 килограмм артық салмақтан арылдым. Осы
қиын жолда менің ерік-жігерім қатты сыналды. Себебі өзімді тамақтан
қатаң шектеуім керек болды.
Осы кезде маған қиындықтармен күресуге бір техника қатты
көмектесті. Мен ол туралы, ішімдік пен нашақорлыққа тəуелділіктен
емделген адамдардан білдім. Ол техника «Тек бүгін» деп аталады. Сіз
өміріңіздегі болып жатқан келеңсіздікпен келісіп, алға қойған
мақсатыңыздан баз кеше бастаған сəтте өзіңізге жəне өзіңіздің
ағзаңызға: «Жақсы, егер шыдамың жетпесе, бəрінен бас тарта бер.
Ертең. Ал бүгінше шыда! Тек бүгін» – дейсіз.
Ал келесі күні тамақ жегіңіз келсе, тағы да өзіңізге: «Қане, тағы да
шыдайық. Тек бүгін ғана. Ал ертең шыдамасаң, тамақ жей бересің», –
дейсіз.
Осылай «Тек бүгін» техникасымен мен бір апта тамақ жеуден өзімді
шектей алдым. Бұл техника сізді нəтижеге жетуге аз уақытыңыз қалса,
өте тиімді, мысалы, бір-екі ай.
Осы екі айдың ішінде сізде əдет пайда болып, өзіңіздің өзгергеніңізді
байқамай да қаласыз. Мен бұл техниканы қатты жақсы көремін, себебі
оның мəні мен үшін ерекше. Өйткені ертең ешқашан болмайтынын
білемін.
Əрине, «Тек бүгін ғана» деген сөз кейде өтірікке ұласуы мүмкін. Сен
өзіңе тəтті жеуге уəде бердің, бірақ бүгін емес. Бəлкім, ертең. Ал бүгін
бар төзіміңді қолыңа ал! Осылай өз-өзіңізге төзімді болуға көмектесіп
жүріп, бұл компромисстің сізге тек алға жылжуға жəне ең бастысы
жақсы өмір сүруіңізге кепіл болатынын түсінесіз.


Айтпақшы, бұл ылғи туа бермейтін қиын сəттердің сіздің өміріңіздегі
қарапайым ғана əрекетке айнала алатынының дəлелі. Мысалы, «иə,
үстеліңіздің үстіндегі дастархан біртүрлі. Бірақ ертеңге дейін тұра
тұрсын. Ал ертең жаңасын аламын», – деп жүріп міне үш жыл өтіп
кетті.
Мен спорт залына барып, жаттықтырушыммен бірге жұмыс істей
бастаған кезде өзіме істей алмайтын уəделерді бергім келмейтін. Əр
күн сайын өзіме «Бүгін ғана баршы, ал қалғанын кейін көре
жатармыз» деп қайталайтын едім. Ешқандай мақтан шешімсіз, мен дəл
осылай 1 жыл, бəлкім, бүкіл алдағы өмірімде немесе бірнеше ай ғана
ұстануым мүмкін.
Міне, тек бүгін ғана. Жəне менің «бүгінім» осымен жарты жылға
жалғасып келеді.
Жаңа «Мен»-нің қалыптасуы
Тағы бір керемет əдіс бар. Ол туралы маған менің досым Максим
айтқан болатын. Сол əдістің көмегімен досы темекіге деген
тəуелділігін жеңген болатын. Ол оны «Жаңа Мен» деп атайды.
Адамның ойында кешегі күннің ойларының 95%-ы келесі күні қайта
келетіні туралы бұрындары да естіген боларсыз. Біз тура мағынасында
өз өткеніміздің тұтқынымыз. Ойларымыздың 95%-ы бір күнімізден
екінші бір күнімізге дəл сол қалпында аққан судай өтіп жатады.
Бұндай жағдайда өзіміздің жəне жақындарымыздың өзгергенін қалай
байқай аламыз? Əрине, оны анықтау өте қиын.
Максим ойлап тапқан «Мен енді басқамын!» əдісі бұл мəселені
шешуге көмектеседі. Ол əр күнін: «Бүгін мен өзіме өзімнің қандай
сырымды аштым?» деген сұрақтан бастайды. Өзі жасап алған арнайы
тізімдері де бар. Мысалы, өзінен бүгін əдеттегідей омлет жеу ұнай ма,
жоқ па не болмаса жұмысқа ылғи барып жүрген жолымен бүгін
жүргісі келе ме соны анықтап алады.
Ең қызығы, 13 жыл бойы үзбей шылым шеккен адамның өз-өзіне:
«Маған шылым шеккен бүгін ұнай ма?» деген сұрақ қоюы болды.
Мен алғаш рет өзіме осы сұрақты қойған сəтте түпсанам шылым
түтінін ішке тарту былай тұрсын, тіпті иісінің өзі ұнамайтынын
түсіндірді. Бастапқы уақыттарда жаман əдеттерім ақылымды жеңген
кездер де жоқ емес, сол сəттерде өзіме: «Мен 13 жыл бұрын киген
шалбарымды қазір кимеймін ғой. Неге мен 13 жыл бұрын жақсы


көрген амалдарымды қазір жақсы көруге тиіспін? Мен бүгін басқа
адаммын» деймін.
Арада 1 ай өткен соң ол шылым шегуін тоқтатты.
Маған оның бұл əдісі қатты ұнады. Біз əр күн сайын өзгереміз. Бірақ
біздің санамыз бізді күн сайын 13 жыл бұрын киген киімімізге бүгінде
сыюымыз керек деген оймен мазалайды.
Максим түнде жатар алдында өзіне: «Мен бүгін өзгердім. Мен бүгін
басқа адаммын. Мен кешегі күнге қарағанда бүгін батылырақпын»
деген сөздерді айтумен ұйқыға кетеді.
Дұрыс зейін қоюды қалай үйренемін немесе шынайы
өзгеріс неден басталады?
СДВГ (сыртқы назар жəне гипербелсенділік жетіспеушілік синдромы)
саласын енді зерттеуді бастаған психиатр жəне эксперт Эдварт
Хэлловэлл өзінің «Көңілімді бөлмеңдер» («Не отвлекайте меня») деген
еңбегінде
40
 өз қалауыңа бар ықыласыңмен көңіл аудара алу қабілетінің
мақсатқа жету барысындағы пайдасын өте қызық тұжырыммен
көрсетеді.
40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет