Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет61/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

 Хэлловэлл Э
. Не отвлекайте меня! Как сохранять высокую концентрацию несмотря ни на
что. М.: Манн, Иванов жəне Фербер, 2015
Оның айтуынша, оған өзінің табысты əрі бақытты болуға қабілеті
жетпейтін, өзіне көңілі толмай келетін адамдардың саны өте көп.
Келген адамдар көбінесе «Менің өмір бойы жолым болмайды, мен
сəтсіздікке ұрынамын да жүремін» деп налиды. Бұл адамдардың
жүйеге де, өз басшыларына да еш реніші жоқ. Өздерін ақтап алудан да
аулақ. Тек «Менің жетістікке жетуге қабілетім жетпейді, мен жолы
болмайтын сормаңдаймын!» – деп өз-өздерін сендіріп, өмір бойы жолы
болмайтынына көндіккен адамдар.
Хэлловэлл бұл адамдардың сəтсіздікке ұшырауындағы бар гəп
өздерінің бір іске қажетінше көңіл аударып, бар зейін-ықыласымен
кірісе алмайтындығын мəселе деп қарамауында екенін айтады.
Бір іске толыққанды көңіл бөлу – кез келген əрекетті бастаудың негізгі
алғашқы қадамы. Адам қаншалықты зейін аударып ниеттенсе соған
лайық нəтижеге жетеді. Егер оның бүкіл ойы сəтсіздікке ұшыраймын
деген қорқынышына байланса, алдынан сəтсіздік шығатыны анық.
Керісінше, өз-өзіне «мен мықтымын, менің қолымнан бəрі келеді!» деп
сендіріп, сол сеніммен алға қадам басуы қажет.


Менің ойымша, бір істі қолға алмас бұрын ең бірінші жасалу керек
қадам: өз-өзіңе деген сенімділігің мен ықылас-зейініңді басқарып
үйрену. Біздің күнделікті өміріміз қандай сипатта? Біздің бар
назарымыз өзіміздің ішкі əлемімізге емес, сыртқы əлемге тəуелді.
Сыртқы факторлардың ішкі факторларымызға əсері өте мықты.
Зейін қоюдың күші
Кейбір дүниелерде назарды дұрыс аударудың маңыздылығын елемей
жатамыз. Не нəрсеге назар аударып қарасақ, айналамыздан тек сол
дүниені көретін боламыз. «Притчи Востока. Ветка мудрости»
кітабында осы мəселе жайлы жақсы жазылған.
Бұрындары бір қытайлық қарт мұғалім өз шəкіртіне былай деген екен:
– Осы бөлменің ішін мұқият қарап шық. Сосын қоңыр түсі бар жердің
бəрін тауып, есіңде ұста.
Жас шəкірт бөлменің ішіне мəн беріп, мұқият барлық жерді қарап
шығады. Бөлме ішінде қоңыр түсті заттар өте көп еді: қоңыр жиекті
картиналар, диван, столдар, кітап сөресі жəне одан да бөлек ұсақ-түйек
заттар.
– Ал енді көзіңді жұмып, бөлмедегі көк түсті заттарды атап шық...
Жас жігіт сасқанынан:
– Бірақ мен бөлмеден көк түсті ешқандай зат байқамадым! – дейді. Сонда мұғалім:
– Енді көзіңді аш, айналаңдағы көк түсті заттардың көп екенін байқадың ба?
Расымен де ол бөлмеде көк түсті заттар баршылық еді: көк түсті
құмыра, көк түсті фото жиектемесі, көк кілем, қарт мұғалімнің көк
жейдесі.
Сонда мұғалім:
– Байқамай қалған барлық заттарға мəн бер! – дейді. Сонда шəкірт бірден:
– Сіз мені жаңылыстырғыңыз келді! Мен сіз қоңыр түсті заттарды қара деген соң, көк түсті
заттарға мəн бермедім, – деп жауап береді. Қарт мұғалім, сəл күрсініп барып, жымияды
да:
– Мен саған осы жағдайды көрсеткім келді. Сен тек қоңыр заттарды
ғана іздеп, тек соларға ғана мəн бердің. Сенің өміріңде де дəл осы
жағдай орын алуда. Сен өмірден тек жаман дүниелерді көріп, жаман
ойлардың жетегінде жүрген соң айналаңдағы жақсылықтарды көре
алмайсың.
Байқасаңыздар, айналасынан тек жамандықты көретін адамдар оны кез
келген жерден, тырнақ астынан кір іздегендей тауып алады.
Əділетсіздік туралы көп ойлайтын адамдар да, дəл солай айналасында
ылғи тек əділетсіздік болып жатқандай сезімде жүреді.


Дəл осындай жағдай сіздің күнделікті өміріңізде жиі кездеседі,
мысалы, сіз өзіңіздің сүйікті маркаңыздағы көлікті сатып алғыңыз
келеді. Қайда барсаңыз да сіздің алдыңыздан сол маркадағы көлік
шыға береді, солай ма? Сіздің сол көлікті назарға алуыңыз тартылыс
күші сияқты сіз қалаған көлікті көрген сайын көзіңізге оттай басады,
сізге елдің бəрінде сондай көлік бар сияқты болып көрінеді.
Теннис жаттықтырушысы əрі коуч – Тимоти Голви «Ішкі ойын» əдісі
арқылы тиімділік деңгейін арттыруға болатынын анықтаған.
Ол теннис ойнауға жаттықтырып жүріп, ойын барысында жеңіске жету
үшін дұрыс көңіл бөлудің маңызды екенін байқайды. Мысалы,
жаттықтырушы: «Байқа, қисық соққы жасап қойма!» – деп ескерткен
кезде, оның шəкірті көп жағдайда қисық соққылар жасайтын болған.
Ал егер: «Дəл соқ!» немесе «Допты көздеп соқ!» десе, соққының дəл
əрі жақсы соғылу мүмкіндігі жоғарылайтынын байқаған.
Мұқият болуды үйренеміз
Бір кездері мен жеке даму орталығынан курстан өткен едім, біз
алғашқы бірнеше апта бойы тек бір ғана қара нүктеге назар аударып,
дұрыс көңіл бөлуге үйрендік десем сенбейтін шығарсыз. Бірақ қара
нүктеге қарап үйренуге шынымен осындай уақыт кетті.
Қара нүкте – алғашқы қадам жасаушыларға өте тиімді əдістердің бірі.
А4 парағының дəл ортасына кішірек қара нүкте саласыз. Парақты көз
деңгейіңіздегі қолыңызды созғанда жететіндей жерге орналастырасыз.
Орындыққа жайғасып параққа қарама-қарсы отырып, нүктеге 15 минут
қарап (алғашқы кезде), мына ескертулерге мəн беріп, бұзбауға
тырысасыз:
• Көзіңізді алмауға;
• Ойыңызды да, денеңізді де бос ұстауға;
• Еш нəрсеге көңіл аудармауға;
• Ішіңіз пысып кетпеуін де қадағалаңыз.
Бір қарағанда, өте оңай сияқты көрінеді. Бір рет болсын істеп көріңіз,
сонда ойыңыздың қаншалықты шашыраңқы, дəл желмен бірге сай-
сайды аралаған қаңбақтай тұрақсыз екеніне көзіңіз жетеді.
Менде былай болды: жай байқап көруге отырғанымда, мен үшін 5
минуттың өзі жарты сағатқа тең болды. 10 минут өткен соң, менің
ағзам да маған қарсы шыққандай түрлі сигнал бере бастады, біресе
көзім жұмылып кетеді, біресе денем жыбырлайды. Біраз уақыттан соң


тіпті нүкте парақ бойымен əрі-бері секіргендей болды. Тағы біраз
уақыт өткенде ойым сан-саққа бөлінді. Басында өз-өзіме «Бұл жерде
не істеп отырсың?» деген сұрақпен басталып, «Тауық етін жібіттім
бе?» деген сұраққа дейін жеттім.
Əрине, бұл жағдайға төзу мүмкін емес. Жүйкеңді жұқартатыны тағы
бар. Бірақ жасап көруге тұрарлықтай əдіс. «Қара нүкте» əдісі зейін мен
назар аударуды жаттықтыратын арнайы жаттығу залы сияқты.
Бүгінде мен «Өміріңді өзгертетін 100 əдіс» рубрикасын жазған сəтте,
ұялы телефонымды сөндіріп, өзімнен алыс жерге қойып, есікке
«Мазаламаңдар!» деген тақтайша іліп, бірнеше сағатымды
шығармашылығыма арнауды əдетке айналдырдым.
Айтпақшы, мен ұялы телефоныма Forest деген бағдарлама жүктеп
алдым. Бағдарламаны қосқан сəтте экраныңызда ағаш жапырағын
жайып өсе бастайды. Егер телефоныңызды қозғамай, бастапқы
қалпында жылжытпай ұстасаңыз, үлкен орманның пайда болғанына
куə боласыз. Телефоныңыз кішкене болсын қозғалса, ағаш көз
алдыңызда қурап өліп қалады. Маған бұл бағдарлама жақсы əсер етеді,
виртуалды болса да, менің ағашты өлтіруге батылым бармайды.
Ойыңды бір жерге жинақтаудың тағы бір жақсы əдісі «Максималды
концентрация» кітабында жазылған «Төртбұрышта дем алу» деп
аталатын əдіс.
Бұл əдісті жасау үшін жаныңызға кез келген төртбұрышты зат
табуыңыз қажет. Ақ парақ, есік, айна маңызды емес, ең бастысы,
пішіні төртбұрышты болу керек. Келесі əрекеттеріңіз:
• Сол жағындағы жоғарғы бұрышқа қарап дем алыңыз. Демді өзіңізде 4 секунд сақтаңыз.
• Оң жағындағы жоғарғы бұрышқа қараңыз да, деміңізді шығарыңыз.
• Енді бірден көзіңізді оң жақ төменгі бұрышқа апарып, дем алыңыз. Деміңізді өзіңізде 4
секунд сақтаңыз
• Сол жақ төменгі бұрышқа қарап деміңізді шығарыңыз.
Осы əдісті ойыңыз бір жерге жинақталғанға дейін жасай беріңіз. Терең
əрі дұрыс дем алу – ойыңыздың бір жерге жинақталып, назарыңызды
аударудың алғашқы қадамы.
Тақырыпты Тимати Голвидің сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Ойыншы
жақсы соққы соғудан қарағанда ойынға назарын дұрыс аударуды
үйренуі керек екенін түсінген кезде ол «сырт көз» үшін ойнауын
тоқтатып «ішкі əлемі» үшін ойнай бастайды. Ол дұрыс ойын ойнау
үшін назарын аудармайды, керісінше, назарын бір жерге жинақтау
үшін дұрыс ойнай бастайды».


Қандай тауып айтылған десеңші!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет