Латын әліпбиіне байланысты сұрақтар Президент мақұлдаған латын графикасына негізделген әліпби жобасының алдыңғы акутты жобадан басты айырмашылықтары неде?


Әліпбиде «и» мен «й» неге бір ғана таңбамен берілген?



бет20/24
Дата23.01.2022
өлшемі37,31 Kb.
#113512
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Латын сұрақ жауап (1) (2)

35. Әліпбиде «и» мен «й» неге бір ғана таңбамен берілген?

Жаңа әліпбиде кирилдегі Й мен И әріптеріне ортақ бір таңба алынды, себебі бұл дыбыстардың сөздегі позициясы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз екенінен белгі береді. Мысалы, ай, тай, лай, лайк, фейк деген сөздерде дауысты дыбыстың таңбасынан кейін тұрғандықтан, бұл дауыссыз дыбыс әрпі екені анық, ал керісінше И-дің таңбасы сөздің басында немесе дауыссыз дыбыс таңбасынан кейін тұрса, мысалы, ине <ій-не>, киім <кі-йім>, қиын <қы-йын>, жиын <жы-йын>, институт <ійн-стій-түут>, кино <кій-но> бұл Ы+Й және І+Й дауысты мен дауыссыз дыбыстың тіркесін таңбалайтын әріп екені анық. Сонымен бірге екеуінің таңбасы бірдей болғаннан бұл әріппен жазылған сөздердің айтылу нормасына ешқандай нұқсан келмейді. Сондықтан бұларға бір таңба беру жазуды ықшам әрі түсінікті, оқуды оңтайлы қылады, оқырманның аз уақытта көп ақпарат алуына мүмкіндік береді, қазақ жазуын тиімді етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет