37. Ф әрпіне латын графикасында арнайы таңба алу қажет пе еді?
Ф әрпіне латын графикасында арнайы таңба алу қажет, себебі Ф дыбысымен келетін сөздер тек орыс тілі арқылы енген жоқ (федерация, фабрика, футбол, фото), қазақ әдеби тіліне Ф дыбысымен айтылатын сөздер араб, парсы тілдерінен еніп кең қолданыс тапқан: Фатиха, Фатима, Фараб т.б. 14 000-нан астам шеттілдік сөздің 2000-ының құрамында Ф әрпі бар. Бұлардың барлығын қазақ тілінің фонетикалық игеру заңдылығына салса, П немесе Б дыбысы арқылы игеруге болады. Putbol немесе Butbol деп өзгерту жасанды болады. Демек оған арнайы таңба Ff-ны алған дұрыс деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |