40. Қазіргі қолданыстағы ә, ө ,ү таңбаларын осы латын әліпбиі құрамында қалдыруға болмады ма?
Иә. Бұл секілді идеялар айтылған еді. Бұған мысал ретінде әзербайжан әліпбиіндегі «ә» таңбасы алға тартылады. Осы бағытта біз де ізденіс жасадық. Екі рет халықаралық семинар өткізіліп, шетелдік ғалымдардың негіздемелері тыңдалып, тәжірибе алмасылды. Сонда анықталғаны, әзербайжан ғалымдарының айтуынша, «ә» әріпіне қатысты проблемалар бар. Себебі ол халықаралық қатынаста қиындық тудырған, әріптің танымалдығы төмен, ІТ технологияда, банк жүйелерінде бұл таңба танылмай, бос ұяшық немесе өзге кодтық таңба түрінде көрінетіндіктен, оны «е» әрпімен алмастырып беріп жүргендері белгілі болды. Саяси себептермен қабылданған бұл таңбаны ғалымдары қайта қарауды жөн көреді екен. Осындай олқылықтарға жол бермес үшін қазақ тілінің әліпбиі тек латын графикасына негізделді.
Достарыңызбен бөлісу: |