20. Латын әліпбиіне көшу бізге не береді, несімен пайдалы?
Иә, бұл сұрақ орынды, осының өзі біздің ел, тіл, мемлекет мүддесін ойлаушылықтан, оған алаңдаушылықтан туындап отырғаны қуантады. Ал латын әліпбиіне көшу ең алдымен біздің қазіргі жаһандану жағдайында әлеммен графикалық тұрғыдан үндесуімізге мүмкіндік береді. Шетелдердегі қазақ қандастарымыздың да әліпби басын біріктіретін құрал болары сөзсіз. Түркі тектес халықтармен де жазуымызда ұқсастық болуы тілдік қарым-қатынасымызды кеңейтуге, түркі әлемін біріктіруге септігін тигізетін болады. Технологиялық тұрғыдан да ықпалдасуға берер пайдасы мол. Ең бастысы осынша жыл рухани тәуелділіктен азат боламыз деген үлкен үміт бар.
21. Еліміз латын әліпбиіне көшкен соң, құжаттарымызда соған сәйкес ауыса ма?
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін және басқа да құжаттарын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру уақыты 2021-2025 жылдар аралығына жоспарланып отыр. Ол дегеніміз әліпби бекітілген соң, әрбір атқарылар жұмыстар аталған жоспарға сай жүзеге асатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |