36. І мен Й, И дыбыстарын беретін таңбаларға қандай негіздеме бересіз?
І мен Й, И дыбыстарын беретін таңбаларды өзара алмастыру және и-дің бас әрпін нүкте арқылы /İ/ түрінде таңбалау ұсынылды: İnstitut, jinalys, universiada, Irımşık, ızgılık, bılım. Негіздемесі мынадай:
емлелік негіздеме: И дыбысын İ таңбасымен беруде термин сөздер халықаралық тұрпатына ұқсас болады әрі көзшалымға қолайлы, мысалы, piramida, respublika;
статистикалық негіздеме: І [і] дыбысы абсолюттік кездесу жиілігі 5 орында болатын қазақ тіліндегі өнімді дауысты дыбыс. Егер оның үстіне ноқат қойылмаса, яғни /Іɪ/ әрпімен жазылса, қазақ мәтінінде жолүсті таңбаларын көбейтпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |