2. Мақұлданған әліпби жобасын кімдер дайындады?
Мақұлданған әліпи жобасын Үкімет жанынан құрылған Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары даярлады. Орфографиялық жұмыс тобының мүшелері Тіл білімі институтының, «Тіл-Қазына» орталығының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары. Бекітілген әліпбиді жетілдіру барысында Орфографиялық жұмыс тобының бірнеше отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа техникалық топтың ІТ мамандары, сондай-ақ терминологиялық, әдістемелік жұмыс тобының мүшелері де шақырылып, әліпбидегі өзгерістер жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде бұл әліпбиді Орфографиялық жұмыс тобының 95% қолдады.
Достарыңызбен бөлісу: |