13. Елімізде жаңа әліпбиге көшу 2031 жылға дейін деп қарастырылған. Оның негізгі кезеңдері қандай?
«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру» жоспарына сәйкес жаңа әліпбиге көшу кезеңдері мынадай: 2023 жылы жаңа әліпби және оның емле ережелер жобасы бекітілгеннен кейін, жұртшылықты жаппай оқыту кезеңі басталады. Сондай-ақ, латын графикасы негізіндегі жаңа ортологиялық құралдар, нұсқаулықтар, анықтамалықтар шығатын болады. Яғни, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, анықтағыштар, және т.б. 2023-2031 жылдары жаңа әліпбимен оқу құралдары әзірленіп, 1 сыныпқа баратын оқушылар жаңа әліпбимен мектеп табалдырығын аттайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының паспорттары мен жеке куәліктері және басқа да құжаттар латын графикасы негізіндегі берілуі көзделіп отыр. 2025 жылы Мемлекеттік БАҚ-ты және баспа басылымдарын жаппай латын графикасына көшіру жұмыстары басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |