Бұл – жазудың ең алғашқы түрі. Ол суретке негізделген. Сондықтан мұны кейде суретті жазу деп те атай береді. Пиктографиялық жазудың таңбалары – суреттер. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей сөйлемді білдіре алады. Оның шыққан мерзімі тым көне дәуірге (неолит дәуіріне) барып тіреледі.
|
Бұл – пиктографиялық жазудың біртіндеп дамуы, жетілуі нәтижесінде пайда болған жазу. Егер пиктографиялық жазу бүкіл сөйлемді (хабарды) білдірсе, идеографиялық жазу бүтіндей бір сөзді бір-ақ таңбамен белгілейді. Сурет ретінде беріледі. Ондай таңбалар идеограммалар деп аталынады.
|
Бұл жазудың шығуына, біріншіден, бұған дейін қолданылып келген идеографиялық таңбалар аффикстерді, әсіресе шетел сөздерін, кісі, қала аттарын таңбалауға икемсіз болуы, екіншіден, ол идеографиялық таңбалардың саны көп болып, оларды меңгерудің қиынға соққандығы себеп болды.
|
Әріп жазуының шығуына және дүние жүзіне кең таралуына оның қарапайымдылығы, сөздердің дыбысталуын дәл беретіндігі, әр түрлі тілдерге қолайлығы себеп болды деуімізге болады.
|
Идеограмманың пиктограммадан ең басты айырмашылығы – таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Жоғарыда айттық, егер пиктографиялық таңба бүтіндей бір сөйлемді белгілесе, идеографиялық таңба бір сөзді немесе сөздің түбірін не негізін белгілейді.
|
Тілдердің қайсысында болса да, ондағы сөздердің саны мен буын санынан дыбыстардың саны әлдеқайда аз. Осыған орай, әдетте, дыбыстарды таңбалау үшін 20-дан 40-қа дейінгі таңбаның өзі жеткілікті болады. Әріп таңбаларының мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетеді.
|