23. Латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің кейбір дыбыстардың таңбалану жүйесін «SWOT» талдау арқылы түсіндіріңіз
Күшті жақтары
|
Мүмкіндіктері
|
U таңбасы, яғни «у» және «ұ» дыбыстары. Қазақ сөздерінде бұл таңба «ұ» дыбысын берсе, өзге тілден енген сөздерде «у» деп оқылады.
|
Біз кириллицада тұйық етістіктің жұрнағы «-у» ғана деп оқып келдік. Тіліміздің заңдылығы бойынша бұл жұрнақ «-ұу», «-үу», «-ыу», «-іу» және «у» болуы тиіс (латынша «uw», «üw», «yw», «iw», «w»).
|
Әлсіз жақтары
|
Қауіпті тұсы
|
Мысалдар: қазақ тілінде: qulager, suraq, jumaq, turmys, samuryq, jumys, urpaq, sur, quraq, Ulpan, Nurlan, Jumabai, Nur-Sultan, Tumandy Albion.
Өзге тілден енген сөздер: prokuratura, kubok, turnir, tundra, bullit, futbol, bonus, Buratino, Runi, Joshua, Uilliams, Artur, Ukraina, Urugvai, Baku, Belarus.
|
Ал қазақ сөздеріндегі «у» дыбысын қалай таңбалаймыз? Тіл мамандарының айтуынша, қазақ тілінде дауысты «у» дыбысы жоқ. Тек дауыссыз «у» ғана бар. Расында солай. Кириллицада «су», «тура», «қурай», «тату», «қару», «бура» секілді көптеген сөздер дұрыс жазылмаған. Дұрысында бұлар «сұу», «тұура», «құурай», «татұу», «қарұу», «бұура» деп айтылады және солай жазылады. Мұндағы «у» – дауыссыз дыбыс. Латын әріптерімен олар suw, tuwra, quwrai, tatuw, qaruw, buwra болып жазылады.
|
24. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері, жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылықтарын «Т кестесі» стратегиясы арқылы көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |