4
|
Ә.Жүнісбеков
|
и,у әріптерінің әрқайсысы дауысты+дауыссыз қос дыбыстың таңбасы екендігін, қазақ тілінде дауысты и,у дыбыстары жоқтығын ғылыми тұрғыда дәлелдеді.
|
5
|
А.Байтұрсынұлы
|
1910 жылдан қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастады. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады, яғни ескі қазақ жазба тіліне түбегейлі реформа жасайды.
Араб әліпбиін пайдалана отырып, халық тілінің 9 дауысты (а-ә, ы-і, о-ө, ұ-ү, е) және 19 дауыссыздан (б-п, г-к, д-т, ғ-қ, ж-ш, з-с, й, л, м, н, ң, р,у) тұратын дыбыс жүйесін негізге алып қазақ әліпбиін түзді.
|
22. Жаңа қазақ әліпбиінің жобаларын «INSERT» әдісі арқылы сипаттаңыз.
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
«Qazlatyn.kz» ұлттық порталы – қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу барысы жайындағы барлық деректерді жинақтап, күнделікті ақпарат таратып отырады. Ал порталдың Qazlatyn көпфункционалды конвертерінде электронды мәтінді кирилден латынға, төтеге және керісінше сәйкестендіру қызметтерін кез-келген адам пайдалана алады. Бұл жаңа әліпбиге ауысу барысында құжат толтыру мен қателерді анықтау үшін таптырмайтын көмекші құрал. Себебі, жаңа әліпбидің емле, ережесін сіңіріп болмаған сіз бен біз үшін конвертер көмекке келеді. Мұнда пайдаланушы 5000 символға дейінгі мәтінді көшіріп салу арқылы немесе қолмен теру арқылы сәйкестендіре алады. Қолданушыға ыңғайлы болу үшін Microsoft Office форматындағы кез-келген құжатты файлдық конвертер арқылы сәйкестендіруге болады
Sozdikqor.kz порталы - әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздердің, тұрақты сөз тіркестерінің, қазақ тіліндегі көне сөздердің, кірме сөздердің, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын білуге, танысуға, көруге мүмкіндік беретін платформа. «Sozdikqor.kz» порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе сөйлем ішінде кездесуін бір бетте көруге болады.
|
«Тіл-Қазына» орталығы даярлаған тағы да таңдаулы, қолданбалы жобалары
«Zerek bala» - интелллектуалдық ойыны. Ойындар бірнеше сатыдан тұрады. Қосымшалардың мақсаты – қолданушыларға жаңа әліпбиді үйрету, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Ойын 3 жастан жоғары балалар мен ересектерге арналады. «Zerek bala» ойынының басты ерекшелігі – жаңа қазақ әліпбиінде жасалған. Онда ойыншы жеті тақырыпты таңдай отырып, әріптерден сөздерді құрастырады. Бұл баланың көз дағдысын қалыптастырып, әріп үйренуіне, логикалық дамуы мен жылдам әрекет етуіне мүмкіндік жасайды. Ойын барысында жеңілдіктер де қарастырылып, бонустар беріледі. Бұл психологияда ынталандыру әдіс деп аталады. Яғни «Zerek bala» әліпби үйренуге арналған ойын ғана емес, бала дамуының дәнекері.
«ILES» - ересектерге арналған қосымша. Мұнда латын графикасындағы қазақ әліпбиі үйретіледі. Толық оқу курсы десе де болады. Бірінші кезекте әліпбимен таныстырылса, екінші сөздердің жазылу ережесі түсіндіріледі. Келесі кезеңде ережені меңгеруге арналған жаттығулар беріліп, қорытынды кезеңде жазба жұмысы орындалады. Оқушының меңгергендігі, курстың деңгейі пайыздық көрсеткішпен беріліп отырады.
«Jasyryn sóz» - 3-8 жас аралығындағы балаларға арналған интеллектуалдық қосымша. Ойын дизайны мен тапсырмалары баланың зерікпеуіне және көздің талмауына сай жасалған. Бала бұл ойында суреттерді тану арқылы сөздерді табады. «Jasyryn sóz» ойынының шартына сай тапсырмалар жеңілден күрделіге көшіп отырады. Ойын барысында жылдам ойлануына, зеректігіне сай түрлі сыйлықтар тарту етіледі. Ойын 3D форматында жасалған.
|
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына" ғылыми практикалық орталығы ұсынған жаңа әліппилермен танысқым келеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |