1 6. Орта ғасыр жазба ескерткіштерін «Кластер» әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
17. Төте жазудың (А.Байтұрсынұлы әліпбиінің) әліпби құрамы мен графикалық ерекшеліктерін «Фишбоун» әдісі арқылы түсіндіріңіз.
Балықтың басы: А.Байтұрсынұлы ұсынған төте жазу 1912 жылдан бастап қолданысқа енді. 1915 жылы қазақ кітаптары жарық көрді.
Оң жақ қабырға сүйектеріне . А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 дәйекше болды. Ал дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай – 43. Графеманың бесеуі дауыстының, 17-і дауыссыздың, 2-і жарты дауыстының таңбасы. Ал фонеманың 9-ы дауысты, 34-і дауыссыз. Ғалым тіл дыбыстарын бір жарым есе аз әріп таңбаға сыйдырып, өз кезеңінде ең үнемді әліпби түрін жасады. Әліпби теориясында әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген жазу сипатын көрсетеді деген қағиданы қалыптастырған А.Байтұрсынұлының төте жазуы деп атауға болады
Сол жақ қабырға сүйектеріне: Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Ғалымның реформалауынан кейінгі араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныйды. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз. Өкінішке орай, сол заманда күштеу саясаты өз дегеніне жетті. Парсы-араб жазуын қолдағандарға саяси түрде "пантюркист" деген айып тағылып, заң қорғау орындары да араласты. Араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады да, қазақтың ұлттық жазуы қолданыстан шығарылады, тарихи кітап жазбалары жойылады. Қазақтың ұлттық жазуымен бірге, ұлттық діні, ұлттық тілі, ұлттық пікірі жоғала келе құлдыққа дайын қауымдар пайда бола бастады.
Балықтың құйрығына: Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жазу-сызуын халықтық тұрғыда зерттеп, дыбыстық үйлесім тудырып, ұлттық жазуымыздың негізін қалады. Сол кезеңде туған А.Байтұрсынұлы әліпбиі бүгінгі әліппеміздің бастау бұлағы мен шамшырағы болмақ.
Үмбетәлі Кәрібаевтың төте жазумен басылған кітабы. Үмбетәлі Кәрібаевтың 148 беттік кітабы. Ол шамамен 1950 жылдары араб қарпіндегі төте жазуымен басылып шыққан. Кітап өте ескі, сыртқы мұқабасы жыртылған, бірінші бетінде Үмбетәлінің бұрын еш жерде жарияланбаған суреті бар.
Төте жазумен жазылған кітаптың алғы сөзінде
"Жамбыл Жабаевтың сүйікті шәкірті, халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың өлеңдер жинағы" деп жазылған. Бұл кітапқа бұрын еш жерде жарияланбаған, бізде жоқ "Алатау әні", "Қойшы", "Қазақстанның тойына" деген өлеңдері еніпті.
18. Төте жазумен (А.Байтұрсынұлы әліпбиі) жазылған еңбектерді «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы жинақтап саралаңыз
Ілияс Жансүгіров қолжазбасын төте жазумен жазған. Қолжазба көшірмесі Ілиястың 1928 жылы Мәскеу мемлекеттік журналистика факультетінде жүрген кезінде жазған «Өмірбаяны». Қолжазбаның бұдан кейінгі толық нұсқасын 2006 жылы Алматыдағы «Үшқиян» баспасынан шыққан «Ілияс Жансүгіров құжаттары, хаттары, күнделіктері, дала хикаяттары» және Әбілхан Әбіласановтың Ілияс Жансүгіровтың архивтерден табылған төте жазумен жазылған қолжазбалары негізінде кирилицияға түсіріп, құрастырған «Жетісу» атты кітабынан оқуға болады. Ал Ілияс Жансүгіровтың өмірбойы жазған шығармаларының бәрін төтеше жазып, кирилше мен латыншаға машинка арқылы тергенін өзімен бірге жүрген.
Екі қолжазбаға ортақ нәрсе екеуі де Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуымен жазылған, жылдары өте ескі, мұражайларда сақтаулы. Және де кейіннен екі еңбекте кирилше басылып шығарылған.
Достарыңызбен бөлісу: |