Латын емтихан жауаптары Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Орфоэпиялық және орфографиялық нормалар, оның теориялық негіздерін «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы жинақтап саралаңыз



бет11/42
Дата26.01.2023
өлшемі2,56 Mb.
#166496
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
Латын эмтихан жауабы дайын (копия) (копия)

13.Орфоэпиялық және орфографиялық нормалар, оның теориялық негіздерін «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы жинақтап саралаңыз.

)5









1. Не


2. Қайда



3. Неге


4. Нәтиже


Не?
Орфографиялық норма - тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы. Дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.
Орфоэпия – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады
Қайда?
Орфография - Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады.
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөз дер дыбыстық заңдарға сүйеніп, айтылуы мен естілуі бойынша жазылады.
Орфоэпия - Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы сөздіктерде көрсетіліп отырады.
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді:
1) ілгерінді ықпал;- Сөз ішінде немесе сөз аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп, ықпалын көрстепі тұруын айтамыз.
2) кейінді ықпал; бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп ықпал жа сауын айтамыз.
3) тоғыспалы ықпал- көрші дыбыстардың ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің арасында кездеседі. 
Неге?
Орфография Мысалы,
Фонематикалық қағида - Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).
Фонетикалық қағида  (Ботагөз, Амангелді, т.б.).
Тарихи-дәстүрлі қағида - Мысалы, тарих, халық, хикая, қаһарман, т.б. сөздердің жазылуы осы қағидақа негізделген.
Айырым қағидасы- Мысалы Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б.., ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.
Орфоэпия Мысалы,
1) ілгерінді ықпал; көшсін – көшшін, ұшса – ұшша, Меңдіқыз – Меңдіғыз, қара қой – қара ғой,
2) кейінді ықпал; сенбе – сембе, он бес – ом бес, сәрсенбі – сәрсембі, Жанпейіс – Жампейіс, Дүйсенғали – Дүйсеңғали,
3) тоғыспалы ықпал - 1.Аман келді- Амаң - гелді. нк-ңг 2.Қан қызыл- қаң ғызыл нқ-ңғ 3.Мен келдім-мең гелдім нк-ңг
4. Нәтиже
Орфография
Бұл сөздің мағынасы тереңірек. Орфография тарихи уақыт ішінде әртүрлі ұрпақтар арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін жазбаша сөйлеудің негізі ретінде қоғамға ескі қателіктерден сабақ алуға мүмкіндік береді, тек оқуға ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа ең жақсы нәрселерді беруге мүмкіндік береді. 
Орфоэпия
Ауызша сөз мәдениетінің маңыздылығы туралы академик Р. Сыздықтың «Сөз мәдениеті, дұрыс сөйлеу мәдениеті, сауатты жазу дағдысы дегендерді тек бөлінген сағаттың бойында ғана үйреніп шығуға болмайды. Тіл мәдениетін, сөзді дұрыс қолданып, дұрыс дыбыстап, дұрыс жазу дағдысын мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, оны бітіргенге дейін (тіпті одан кейін де) үзбестен игертуді балық мұғалімдер күш жұмсағанда ғана ана тіліміздің табиғи қасиетін, ғасырлар бойы жиналған мол қазынасын, бабалар қалдырған көркемдік құдіретін сақтай аламыз», - деп атап көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет