Латын емтихан жауаптары Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Руникалық жазудың пайда болуы туралы тұжырымдарды саралап, өз көзқарасыңызды ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз



бет10/42
Дата26.01.2023
өлшемі2,56 Mb.
#166496
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
Латын эмтихан жауабы дайын (копия) (копия)

11. Руникалық жазудың пайда болуы туралы тұжырымдарды саралап, өз көзқарасыңызды ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз.
П - Менің ойымша, түркі тіліндегі деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз.
О - Себебі, көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған. Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған. Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан — Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен.
П - Руна жазуын немесе бітік жазуын алғаш оқыған — В.Томсен болды. Бұл жазуды орыс тіліне аударған түрколог В.Радлов. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна жазуының оқылуы көне түркі халықтарының өздеріне тән жазуларының болғандығын дәлелдеді.
С - Қорыта айтқанда, бұл жазулар қағанаттың тарихын зерттеуде аса құнды дереккөздер болып саналады.
12. Эпиграфика мен палеографиканың ғылыми негіздерін SWOT талдау арқылы анықтаңыз.

Күшті жағы



Әлсіз жағы

Палеографияның теориялық жағы – жазу тарихы белгілі бір халық мәдениеті тарихының бөлігін құрай отырып, оның іс-тәжірибелік жағы үшін ғылыми негіз болады. 
Эпиграфикалық ескерткіштер халықтың көне мұрасынан ақпарат беретін құнды жәдігер. Мұндай жәдігерлер халықтың мың жылдық тарихынан ақпарат береді.

Француз ғалымы Ж.Маллон мен бельгиялық Ф.Мазе кез келген жазу үшін ортақ даму заңдарын құру қажеттілігі жөнінде мәселе қойғанымен, жалпы Палеография негіздері жасалған жоқ.

Мүмкіндіктер



Қауіп-қатер

Эпиграфикалық ескерткіштер халықтың мәдени тарихындағы қайсыбір кезең туралы маңызды мәлімет беріп отырады. 
Көне қыш ыдыстардағы Эпиграфика шаруашылық пен сауда жөніндегі маңызды деректер болып табылады. Қоғамдық ұйымдардың жазбалары көне қоғамның әлеуметтік құрылымы жөнінде деректер береді.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ескерткіштердің толық нұсқасы жетпейді.Тек үгінділері ғанажетеді. Бұл ғалымдардың ескерт кіштедің толық нұсқасын зерттеуге теріс әсер етеді. Ескерткіштердегі дыбыстар дұрыс оқылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет