§121. Біріккен жəне кіріккен сөздер буын жігімен тасымалданады:
demalys, dema-lys (dem-alys емес); kó-goraı, kógo-raı (kóg-oraı емес).
§122. Екі, үш не одан да көп əріптерден құралған aı, kún, volt, kvars,
Pýnkt тəрізді бірбуынды сөздер тасымалданбайды.
§123. Сөздің жеке əрпін сол жолдың өзінде қалдыруға да, келесі жолға тасымалдауға да болмайды: ara (a-ra, ar-a емес), aıaq (a-ıaq емес), alaqan (alaqan емес).
§124. Бас əріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды:
B- UU немесе BU-U емес.
§125. Кісі есімінің қысқартылған əрпі мен кісінің тегі тасымалданбайды: A.Baıtursynuly.
§126. Цифрларды оларға қатысты қысқарған атаулардан бөліп тасымалдауға болмайды: 25 ga (25-ga емес).
83.Жаңа әліпбидегі диакритикалық таңбалар:
Диакритикалық таңбалар – берілген дыбыстың әуезділігін, өзіне тән ерекшелігін көрсету мақсатында пайдаланылатын белгі деп түсінемін. Көптеген зерттеуші тұлғалар бұл таңбаларды тілдегі дыбыстық ерекшелігімізді айшықтап көрсететін ерекше тәсіл деп санайды. Диакритикалық таңба әріптердің төбесінде немесе төменгі жағында орналасып, сол әріптердің созылып айтылуын, жуан немесе жіңішкелігін, ұзақтығын басқа да дыбыстық ерекшелігін айқындау мақсатында қолданылады. Жалпы алғаш бекіткен әліпбиде акут диакритикалық таңбасын қолданған. Кейін ұсынылған соңғы әліпбиде акут белгісін алып, оның орнына 4 диакритикалық таңбаны еңгізген болатын. Әліпбиде умлаут – Ә,Ө,Ү жіңішке дауысты болса , макрон – жуан дауысты Ұ дыбысы, бревис – ұяң Ғ дауыссыз дыбысы, ал седиль – Ш дауыссыз дыбысы себебі, Ш ызың дауыссыз дыбыс. Осы тұста әліпбиге төрт бірдей диакритикалық таңбаны еңгізудің пайдасы қанша, қандай қажеттілігі бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл таңбалардың қажеттілігін түсіндіріп кетейін. Диакритикалық белгілердің бірі умлаут – тілімізге тән дауысты дыбыстарды айқындауда маңызды орын алады. Ал седиль табасын – тіліміздегі ызың дыбыстарды білдіру мақсатында қолданамыз. Сол секілді маңызды диакритикалық таңбалардың бірі макрон – жуан дауыстыларды белгілеуде маңызды рөл атқарады. Дауыссыз дыбыстарға қолданылатын белгінің бірі – бревис таңбасы болып табылады. (100% уникальность)
Достарыңызбен бөлісу: |