90. «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбына эссе жазыңыз Дамыған заманда, өзгемен терезең тең болуы үшін, алдымен өзіндік даму жолдарын қарастырып, ілгері қадам жасай білу қажет. Бүгінде латын әліпбиінің заманы болып отырғаны жасырын емес. Ағылшын елдері болсын, өзімісдің түбі бір, түрік бауырларымыз болсын барлығы дерлік жаны өлі бірақ заты тірі латын қаріпіне көшіп кетті. Аталған әліпбиге көшуді нағыз өркениет жолы деп есептеймін. Біздің де жан жақты, салалы дамумызға, одан маңыздырақ, рухани тәуелсіз сана қалыптастыруымызда аталмыш әліпбидің маңызына тоқталсам деймін.
. Көршілес жатқан қырғыз бауырларымыз бен өзімізден бөлек, барлық бауырлас мемлекеттер осы латын графикасына көшіп кетті. Елімізде де осы аталған графикаға көшу туралы сөз қозғалмады емес, қозғалды. Дегенімен, тыңғылықты атқарылмаған жұмыс, пікірдің әртараптылығының салдарынан атқарылған жұмыстар айтарлықтай жемісін бермеді. Осы тұстағы «әртарапты пікір» дегенім, ауызбіршілікке келіп тіреле ме дейімн. Себебі бір қазақ осы орыс кирил жазуын құптады, бір қазақ Ахмет Байтұрсынұлы іргесін қалап кеткен «араб графикасына негізделген қазақ жазуын» құптады, біреулері тіптен ата жазуы саналар «Руна» жазуына қызығушылық білдіріп отыр. Латын графикасына негізделген тіліміз бір қабылданып, кемшіл тұсы басым деген пікірмен, алынып тасталды. Кейіннен елбасы Қ.Ж.Тоқаев латын мәселесін кейінге шегерді. Біздің күрмеліп жүргенімізге біраз болды, ал көршілес Түркия шамамен үш айда осы латын графикасына көшіп кеткен екен. Бүгінгі олардың саяси ахуалын жақсы дамыған. Туризм саласын мысал ретінде алсақ. Түркияда ол жоғары деңгейде. Біздің елде небір ғажап жерлер бар. Тек олар жайлы бейхабарлық кедергі ме деймін. Бәлкім латын графикасына көшсек, тілімізге қызығушылық артып, мәдениетіміз де танылар деген ой келеді.
Жалпы біздің бүгін қолданып жүрген қаріптерімздің қаншауы төл дыбыс? Ия, 8-9 дыбыс төл дыбысымыз. Дәл осылай менің буыным, одан кейінгілер де мектеп партасыннан жаттап келе жатқанын айтады. Жақынжа Ә.Жүнісбектің мақаласын ұстазымызбен талқылап, көңілімді құлазытқан сауалға жауап таптым. Сондағым «Сонда қалғаны ше?» Кезіндегі саясаттың салдары, бүгінгі тіліміздің жағдайына, санамызға әсер еткен екен. Сыныпқа ілінген қырық екі әріптің көбісі төл дыбысымыз екені рас. Ол туралы мақалада ашық түсіндіріліп, негізгі жиырма сегіз дыбысты нақ қазақ тілінің дыбыстары дейді. Кирил әліпбиінде қарағанда, латынға көшсек осы төл дыбыстарымызға баса назар аударатын ба едік? Өзге тілдің жұрнақтарынан арылатын едік деп есептеймін. Осы сынды емле ережелерінен де біршама ой тастарлық мәселелер мақалада қарастырылған екен. Латын графикасына көшіп, өзіндік тілдің төл дыбыстарына икемделген әліпбидің маңызын бірсыпыра айта алдым деп есептеймін.
«Латын әліпбиі-өркениет негізі»- мен осы ұстаннымен толық келісіп, біздің де мемлекетіміздің өзіндік дамуындағы серпілістің болғанын қалаймын. Бодандық санадан арылып, дамыған заманда бәсекеге қабілетті ұрпақ болуды мақсат ету. Осы жолда шешім қабылдау біздің қолымызда.