84. Әліпби құрамында умлаут, бревис диакритикалық таңбаларға сипаттама. Умлаут диакритикалық белгісі тек бізде емес, латын графикасын қолданатын көп елдерде бар екенін білеміз. Мысалы швед, неміс, түрік, фин, венгр, әжербайжан және тағы басқалары. Бұл таңбаны көбінесе жіңішке дауысты дыбыстарды беруде қолданамыз. Умлаут белгісі Ә,Ө,Ү секілді жіңішке дауысты дыбыстардың төбесіне қойылады. Әріптің жіңішкелігін айқындап тұрады. Қазақ тіліне тән жіңішке дауыстыларымызды ерекше сипаттау мақсатында умлаут диакритикалық белгісінің маңызы зор.
Бревис – дауыссыз дыбыстарға қатысты қолданылатын диакритикалық таңба екенін білеміз. Бұл таңбаны қысқа дауыссыз дыбыстарды беруде қолданамыз. Мысалы, Ғ әріпі айтылу орнына қарай тіл фонемасы, оның ішінде қысқа айтылатын тіл арты фонемасына жатқызамыз. Сол сияқты Қ әріпін де қысқа айтылатын бревис диакритикалық таңбасына жатқызатын едім. Бревис диакритикалық таңбасы дауыссыз дыбыстарға сай өзіндік ерекшелігіне толық сай келеді деп қорытындылаймын. (91% уникальность)
85.Әліпби құрамында макрон, седиль диакритикалық таңбаларға сипаттама. Седиль – диакритикалық таңбалардың ішіндегі ерекше таңбалардың бірі деп айтсақ болады. Бұл таңба тек бізде ғана емес, басқа тілдердің әліпбиінде де қолданылады екен. Мысалы, түркі халықтары өзбек, әжірбайжан, түркімен халықтары және француз, португал, албан, чуваш, румын халықтарының әліпбиінде кездесетін белгі. Седиль таңбасы көбінесе ызың дауыссыз дыбысты таңбалау мақсатында іске асады. Бұл таңба кейбір дауыссыздардың төменгі жағына дыбысты айтқандағы ерекшелікті көрсету үшін ілмек қояды. Түркі халықтарында седиль дыбысты немесе тілдегі аффрикат дыбысты білдіру үшін қолданылады екен. Біздің әліпби нұсқамызда седиль диакритикалық таңбасы ызың (Ш) дыбыстың белгісі ретінде қолданылады.
Макрон – дауысты дыбыстарға қатысты диакритиалық таңба. Грек тілінен аударғанда ұзын немесе ұзақ деген мағына береді. Халқаралық әліпбиге сүйенсек макрон жуан дауысты белгілеуде пайдаланылады екен. Макрон әріптің үстіне қойылатын таңбалардың қатарына жататынын білеміз. Ұсынылған әліпбиде макрон таңбасы Ұ дауыстыны белгілеуде пайдаланылды.