29. Жазудың ауызша тілден ерекшелігі.
Кез-келген тілдің екі түрлі таралу жүйесі бар: ауызша және жазбаша. Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап, айналасын танып сөйлеуді үйрене бастайды. Ол оның мәдениетке, өркениетке ерудегі алғашқы қадамы. Алайда ол сөйлеген сөзін хатқа түсіріп, оқып үйренбейінше ақыл ойы толысады деп айта алмаймын. Себебі, тек ауызша сөйлей алатын адам мен жаза алатын адамның ақылы мен ойлау жүйесінің мүлде ұқсамайтындығы ғылыми дәлелденген дүние.
Жазу тілі дегеніміз – адамның ойлаған, сөйлеген нәрсесінің графикалық таңбалар арқылы хатқа түсуі. Жазбаша тілдің ауызша тілден біршама айырмашылығы бар. Соларға тоқтала кетейік.
Бірінші ерекшелік – жалпы графикалық ерекшелік деп айта аламыз. Бұған жазған дүниемізді қағазда орналастыруымыз, мәтінді әрлеуіміз, оның түсі, астының сызылуы, стильі, азатжолдары, т.б. жатады.
Екінші ерекшелік – графикалық ерекшелік. Бұған жазып отырған дүниеміздегі әріп саны, оның құрлымы, тіркестері, тыныс белгілері және т.б. жатады.
Үшінші ерекшелік – графемдік ерекшелік. Бұған жалпы жазған дүниеміздің дұрыс жүйеленуі жатады. Мысалы: мәтініміздің мазмұны, тілдік құрлымдарының бір-біріне сәйкес келуі, т.б.
Жазба тілдің бұдан бөлек қосымша ерекшеліктері жетіп жатыр. Мәселен, жазушы мен адресаттың арасында тікелей коммуникация болуы қажет емес, біз жазған адамның эмоцияларын да мәтіннен байқай алмаймыз. Жазба тіл уақытқа бағынбайды. Бір жазылған жазба жұмысы мыңдаған жылдар сақталып, болашақ ұрпаққа мұра бола алады, әрі түпнұсқа түрінде жетеді. Жазба тілінде біз қатемізді өшіріп, түзей аламыз, үзіліс жасап ойлана аламыз. Ауызша тілдегідей «айтылған сөз – атылған оқ» деген мәселе бола бермейді. Жазған мәтінде пунктуацияны дұрыс қолданып, мәтінді оқығанда соған сай дауыс темпін қолданып, мағына үстей аламыз. Әрі ешкімге айтып, естірткіміз келмейтін ойымызды қағаз бетіне түсіріп жеңілдеп те алуға болады. Жазу арқылы біз ойымызды реттейміз.
Жалпы жазба тілі – біздің саналы әрекетке ұмтылуымыздың жемісі. Сондықтан да адам жазба тілін де дамытып, сауатты болуға ұмтылуы керек. (100% антиплагият)
Достарыңызбен бөлісу: |