Латын сессия жауаптары 23. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі


«ПОПС» әдісі: «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында өзімді қалай жетілдіремін?» деген сауалға пікіріңізді білдіріңіз



бет5/13
Дата21.12.2023
өлшемі35,14 Kb.
#198233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Латын сессия жауаптары

30. «ПОПС» әдісі: «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында өзімді қалай жетілдіремін?» деген сауалға пікіріңізді білдіріңіз.
П – Менің ойымша, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында өзімді жетілдіріп отыруым қажет деп есептеймін. Біз латын графикасына көшуді тездетуіміз және қолдауымыз керек деп ойлаймын.
О – Себебі, біздің латын әләпбиіне көшуіміз заманның талабы. Қанша уақыт өтсе де түптің түбінде латын графикасынкөшеміз деп ойлаймын. Қазіргі кезде дамыған әлем елдерінің бәрі латын жазуымен жазады не көшіп жатыр. Ресми ісқағаздар, техника тілі, ғылыми жаңалықтардың бәрі осы жазумен жазылып жатыр. Әрі, кезінде біздің еліміз кирилицаға өз еркімен, даму жолына түсеміз деп көшке жоқ. Бұл бізге отаршылдықпен телінген дүние болатын. Латын әліпбиіне көшудің саяси астарынан бөлек, тілімізге пайда әкелер тұстары да көп. Солай біз өз тіліміздің емлесін толық ескеріп, жетілдіріп, басы артық таңбалардан құтылып ұлттық әліппи жасап шыға аламыз. Осылай орыс тілінің ықпалынан да арыла аламыз. Латынға көшуді тек мемлекеттің мойнына ілмей біз де, қарапайым халық пен түрлі мамандар да осы үрдістің жылдамдауына, пайдасына жетуге аз да болса күш сала аламыз.
П – Мысалы, бірінші жасауымыз керек іс – латын әліпбиіне көшудің пайдасын мойындап, тезірек көшуді дәріптеу. Егер, латынға көшуді әлі де қаламайтын, қарсы адамдар болса олардың ойын өзгертуге, бұл бастаманың тіліміз үшін қаншалықты пайдалы болатынын барынша дәлелдеуіміз, үгіт-насихат жасауымыз қажет. Латын әліпбиінің біздің тілімізге сай ең ыңғайлы нұсқасын жасауымыз қажет. Елімізде барынша сауатты, дәл аударма жасауымыз қажет. Қазақтілді ақпарат тұтынып, тіліміздің жамуына атсалысуымыз қажет.
С – Қорыта айтқанда, латын графикасына көшу заман талабы. Біз азат, тәуелсіз, дамып келе жатқан елде тұрамыз. Сондықтан да латын әліпбиіне көшіп жатсақ, еш қиындық туындамайтыны анық. Тек біз осы процесті жеделдетіп, маңызды өзгерістерді қабылдап, еліміз үшін пайдасы бар істерді барынша қолдауымыз керек. (100% антиплагият) (өз ойларыңмен толықтырып жазсаңдар болады.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет