Латын сессия жауаптары 23. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі


Ұлттық әліпби жасаудың алғышарттары мен маңызы



бет2/13
Дата21.12.2023
өлшемі35,14 Kb.
#198233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Латын сессия жауаптары

25. Ұлттық әліпби жасаудың алғышарттары мен маңызы.
Араб графикасына негізделген жазу жүйеміздің тиімсіздігі мен емле ережесіне сай еместігін ескеріп ұлттық әліппи жасаудың қажеттілігі туды. Бұл маңызды өз мойнына алған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Ол 1910 жылдан бастап араб графикасын жүйелеп, тілімізге ыңғайлауды қолға алды, жәдид жүйесін жетілдіре түсті. Оның «қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оұып жүрген жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тілімен оқуды айтамын» деген сөзі бар. Байтұрсынұлы «жәдид» жүйесін жетілдіріп, 1924 жылы қолданысқа ресми түрде енген «төте жазуды» жасап шықты. Бұл жазу ел арасында тез тарап, халық қолдана бастады. Себебі жазу араб әліпбиінің тұлғасын сақтады, әрі тіліміздің емлесіне сай келді.
Байтұрсынұлының бұл еңбегін тек қазақ зиялылары ғана емес, орыс ғалымдары мен түркітанушылар да жоғары бағалады. Мәселен, Е.Д.Поливанов «Жаңа қазақ-қырғыз орфографиясы» атты мақаласында бұл жазуды қазақ зиялыларына мақтануға болатын және ұлттық графика деп тануға тұрарлық деп жазған. Ал Т.Шонанов ұлттық жазуымыздың маңызын миссионерлермен, дүмше молдалармен, сауатсыздықпен, ішкі-сыртқы жаулармен күресу деп таныды. М.Дулатов Байтұрсынұлының шеберлігіне таң қалған болатын. Себебі ол әріптің тұлғасын жоймай, түбегейлі өзгеріспен оқуды қиындатпай, хат танитын адам еш қиналмай оқып кете беретіндей етіп жасаған деп есептеді.
Жалпы алғанда Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі тіліміздегі дыбыс құрамын сақтай отырып, емлемізге сай жаңа әріпер жасап, қазақ жазуын жетілдірді. Бұл жазу біздің сол заманда мәдени дамуымызға үлкен пайдасын тигізген құбылыс болды.
(100% антиплагият)
26. Алғашқы суретжазулар табылған өлкелер.
Адам баласы алғаш рет өз ойын сыртқа білдіру үшін суретті пайдаланды. Әрине, тым ерте заманда адамдардың сурет салуға бар құралы тас қана еді. Ең алғашқы жазудың пайда болуына осы тасқа қашалған сурет таңбалар бастама болды. Адамдар алғашында айналасындағы оқиғаларды, сезімдерін тасқа қашап, кейіннен есеп-қисап, жұмыстарын жасай бастаған, солай суреттер жүйеленіп өзге адамдар да түсіне алатындай жүйеге келген.
Қазақстанның көптеген өңірлерінен осындай өркениет іздері табылған болатын. Мәселен Алматы қаласынан жетпіс шақырым жерде орналасқан «Таңбалы тас» деген жер. Ол жердегі алып тастардың бәрінің беті толған тасқа қашалған суреттер. Онда найза мен қылыш ұстаған жауынгерлер, ту ұстаған сарбаздар, киік, жылқы, таутеке секілді жануарлардың суреттері қашалған. Бұл мекенге тас дәуірінде адамдар киелі санап табынғаны, 5 мыңдай сурет бары және ондағы суреттердің салынғанына 4-мыңдай жыл болғаны анықталған. Бұл мекеннен бөлек суретжазболар табылған бірнеше өлке бар, олар – үш жарым мыңдай сурет табылған, қола дәуірінен бері сақталған «Арпа өзен таңбалы тастары», қола дәуіріне жататын күнбасты адам мен ғұн-сармат дәуіріне жататын сарбаз суреттері кездесетін «Баянжүрек суреттері», қола дәуірінен сақталған «Ақбауыр үңгірі», «Үш Бурхан» суреті бар «Қапшағай таңбалы тасы», қола дәуірі мен орта ғасырға тән «Қаратау шимайлы тастары», кей суреттерінің ұзындығы бір-екі метрге жететін «Қойбағар таңбалы тасы». Бұл ескерткіштердің барлығы қазақ жерінде ертеден келе жатқан мәдениеттің мұралары. (85% антиплагият)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет