Латын сессия жауаптары 23. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі


Қазақ салалық терминологиясының қалыптасуы. Тілші-ғалымдар мен салалық мамандардың, жалпы зиялы қауым өкілдерінің терминологиядағы бұл үрдіске қатысты пікірлері



бет6/13
Дата21.12.2023
өлшемі35,14 Kb.
#198233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Латын сессия жауаптары

31. Қазақ салалық терминологиясының қалыптасуы. Тілші-ғалымдар мен салалық мамандардың, жалпы зиялы қауым өкілдерінің терминологиядағы бұл үрдіске қатысты пікірлері.
Қазақ терминалогиясының тарихы әріректе жатыр. М.Қашғаридің «Түрік тілдерінің сөздігі, «Қорқыт ата» кітабы секілді еңбектер қазақ терминологиясының бастауы болып табылады. Бұл шығармалар нақты қазақ терминологиясына арналмаса да, алғашқы терминдер кездеседі деп атай аламыз. Ал жиырмасыншы ғасырдың бас кезі терминологияның нақты қалыптасқан кезең. Бұл кезеңде қазақ баспалары газеттерде қазақша терминдерді жариялап отырған. 1930-1990 жылдардағы салалыө терминология отаршыл билік тұсынан қатты қысымға ұшырады. Терминдерді жасау баңытын билік анықтады, күшпен өзгерістер жасатылды. Барлық ғылыми жұмыстар сол кездегі тіл саясатының райына қарай жасалды. Отызыншы жылдары тіл саясатының басшылығымен жасалған ережелер тоқсаныншы жылдарға дейін сақталды.
Ал тәуелсіздік алған кезеңнен соң жағдай күрт өзгерді. Тіл саясаты қолға алынып, қоғам мәселесіне айналды, бұл мәселеге тілшілер, ғалымдар мен мамандар да белсене кірісті. Жарты ғасырдан аса басшылыққа алынып келген қағидаттарды өзгерту қажеттілігі туды, солай қазірге дейін қолданылып жүрген Ә.Қайдардың 11 қағидаты жасалды. Бұл кездегі ғалымдардың ұстанған басты мақсаты – кірме термин сөздердің қазақшасын жасау, термин сөздерді жасауда қазақ тілінің ереже, емлесін сақтау болды. Етек алған бұл үрдіске салалық мамандар, ғалымдар түрліше пікір білдірген болатын, оларды жалпы таптап, екіге бөліп қарастыра аламыз:
1. Қазақ тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды қолдағандар. Олар кірме терминдерге қазақ тілінде балама жасалуы керек немесе оларды өз тіл заңдылықтарымызға ыңғайлауымыз керек деп санады.
2. Терминдердің өзгерісіне қарсы болғандар. Олар терминдерді өзгертудің қажеті жоқ, тілімізге өзге тілдерден термин қабылдауға шектеу қоймауымыз керек деп есептеді.
Жалпы алғанда тәуелсіздік жылдарынан соң қазақ салалық терминалогиясы қолға алына бастады. Көптеген ғылыми еңбектер жазылды, зерттеулер жасалды. «Мемлекеттік терминология комиссия» құрылды. Кірме терминдердің баламасы жасалды. Бұл қазақ тілі ғылымына жасалаған ерен еңбек деп айта аламыз. (100% антиплагият)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет