Латын сессия жауаптары 23. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі



бет1/13
Дата21.12.2023
өлшемі35,14 Kb.
#198233
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Латын сессия жауаптары


Латын сессия жауаптары
23. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі.
Арaб таңбалары негіз болған жазу жүйесін қaзақ халқы сегізінші ғасырдан бері, ұйғыр әліпбиінен соң жиырмасыншы ғасырға дейін пайдаланды. Бұл араб жазуымен негізделген жазудың қазақтар арасында екеуі қолданылды: кадим және жәдид .
Кадим жүйелі графикада отыз бес таңба бар. Ол классикалық араб жазуы негізімен емес, жалпы түркіге ортақ әліппе еді. Ондағы таңбалардың жиырма сегізі араб жазуымен бірдей болды және төртеуі парсы жазуынан, екеуі түркі жазуынан, біреуі ауған әліпбиінен алынды.
Кадим жүйесінің ерекшелігі – дауысты дыбыстардың таңбаланбауы. Мысалы: біз Қазақстан сөзін жазар болсақ – «Қзқстн» деп жазар едік. Мұның себебі араб әліппесіндегі қысқа дауыстылар белгіленбейді, әрі толық мәтінді оқығанда оның әріптік, сөздік мағынасына қатты мән бермей, мәттіннің толық мағынасына мән беретін жазу мен оқу жүйесі қалыптасқан. Бұл жағдайда дауысты дыбыстар дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне қосымша белгі ретінде тіркескен. Осы үрдіс кадим жүйесінде де сақталған болатын.
Бұл жүйе қазақ ауызекі тіліне өте қолайсыз болды. Себебі: аз буынды, дауысты дыбыстары көп сөздердің, бір түбірлі сөздердің мағынасын түсініп оқу өте қиын болды.
Дауыссыз дыбыстар белгіленетін жиырма таңба болды. «Х, ч, ф» әріптері сырттан кірген сөздерді жазуға қолданылды. Араб әліппесінде «г» дыбысын жазатын таңда мүлде болмады. Сондықтан көптеген сөздерді, әсіресе шет тілден өз тілімізге енген сөздерді жазған кезде «г» әріпінің орнына «ғ» әріпін және «к» әріпін пайдаланған. Тағы бір айта кетер жайт бұл – араб жазуындағы үндестік. Яғни сөз түбірі қандай дыбысқа бітсе де қосымшасы үндіден немесе ұяңнан басталатын болған.
Бір сөзбен айтқанда бұл жүйе біздің тілдік ерекшеліктеріміз бен халық тіліне өте жат, ыңғайсыз еді. (100% антиплагият)
24. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: жәдид жүйесі.
Арaб таңбалары негіз болған жазу жүйесін қaзақ халқы сегізінші ғасырдан бері, ұйғыр әліпбиінен соң жиырмасыншы ғасырға дейін пайдаланды. Бұл араб жазуымен негізделген жазудың қазақтар арасында екеуі қолданылды: кадим және жәдид.
Жәдид үлгісінде жазудың кадим үлгісіне қарағанда бірнеше екрекшелігі бар. Атап айтқанда дауысты дыбыстар бұрынғыдай белгі арқылы жазылмай, таңба арқылы жазылып, хатқа түсіп отырды. Әрі парсы, араб тілінен енген сөздер өз тілімізге икемделді және араб графикасында бізге қажет емес таңбалар қолданыстан шығып қалды. Яғни кадим жүйесінің жүйеленіп, жәдид жүйесіне көшкенін байқаймыз. Бұл жүйеге көшкен соң жазу біршама жүйеге түсті. Мысалы: араб графикасымен басылып шыққан кітаптар мен газеттерде дауысты дыбыстар жүйелі түрде таңбалар арқылы беріліп отырған. Тағы бір ерекшелік – бір дыбысқа жеке бір таңбаның қолданылуы және қысаң дауыстылардың (і,ы) сөз ішінде таңбаланбай қалуы. Мәселен – «барып» деген сөз «барп» болып, «кетіп» сөзі «кетп» болып, «дәрігер» сөзі «дәргер» болып жазылған. Бұл ерекшеліктер әр баспада әртүрлі болған, яғни елге ортақ нақты бір жазу жүйесі, ереже болмаған.
Бірақ айта кететін жайт – жәдид жүйесі кадим жүйесіне қарағанда біршама жүйелі болатын. Бұл жүйе халқымыздың сөйлеу мен жазу жүйесіне сай реттеле бастаған болатын.
(100% антиплагият)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет