Латын сессия жауаптары 23. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі


Қазақ жазуындағы емле ұстанымын таңдау қағидаты (Байтұрсын принципі)



бет7/13
Дата21.12.2023
өлшемі35,14 Kb.
#198233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Латын сессия жауаптары

32. Қазақ жазуындағы емле ұстанымын таңдау қағидаты (Байтұрсын принципі)
Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық әліпбиін жасаған тұлға ғана емес, ол қазақ тіл ғылымының негізін қалаушы. Оның емле жайында жасаған еңбектері күні бүгінге дейін пайда әкелуде. Ол емле ұстанымдарын айқындап берген алғашқы ғалым. Ең алғашында жазудың негізі – 2(таңба, әріп), жүйесі – 4(таңба, дағды, дыбыс, туыс) деп атап айтқан болатын. Бұл жердегі негіз дегеніміз – графикалық таңбалар, ал жүйе дегеніміз – жазудың емлесі, ережелер, жазылу қағидасы. Бір қызығы Байтұрсынұлы 1910 жылдары анықтап кеткен осы емле қағидаттары орыс ғылымында қырықыншы жылдары ғана айтыла бастаған. Жалпы емле ұстанымы дегеніміз сөзді жазғанда ұстанатын ереже. Яғни сөз жазылуы, шығу тегі, этмилогиясы, дыбысталуы, таңбалануы туралы сұрақтарға жауап іздейді. Байтұрсынұлы жоғарыда атап өткен ұстанымдардың қайсысына қазақ жазуы сүйенуі керек деген мәселеге жауап іздеді. Ол қазақ жазуы туыс жүйелі емле мен дыбыс жүйелі емлеге сүйеніп сазылуы керек деді. Мсыалы: сөздер қалай айтылса солай жазылуы керек деген ұстаным. Бұл дегеніміз сөздің айқын естілген тұлғасын, сөз мағынасына әсер ететін дыбысты ғана жазу, артық ережемен сөзді бұзбау. Ғалым «айтылуы басқаша сөздерді басқаша жазу, ал айтылғаны бір сөздерді бір етіп жазу керек» деді.
Ахмет Байтұрсынұлының осы жасап берген емле ұстанымы қазіргі кездегі латын әліпбиіне негізделген жаңа әліпбиді жасауда да қолданылып келеді. Ғалым өз заманына ғана емес, болашақ ұрпаққа да жетер мұра қалдырды. (100% антиплагият)

33. Жаңа қазақ жазуында төл әріптер мен кірме әріптердің арақатынасы.
Кирилицамен бірге қазақ жазуына түрлі кірме таңбалар енді. Олардың заты бөлек болғандықтан, қазақша сөздердің үйлесімділігін, буын, тасымал ережелерін, емлесін әбден бұзды. Басында бұл дөрекі қате ретінде көрінсе, кейінен жаза-жаза дағдыға айналып кетті. Тіпті көп сөздерді емлеге сай емес қате жазып жүргенімізді де байқамайтын болдық. Аудармаларда калькалық қателіктер көп жіберілетін болды. Ең сорақысы мұның бәрін дұрыс деп қабылдай бастадық.
34. Қазақ ғылыми терминологиясының қалыптасуы. Термин жасаудың қазығын қадаған Ахмет Байтұрсынұлының және басқа да Алаш зиялылары.

35. Қазақша пән сөздер және терминология. «Пән сөз» - деп, қазіргі кітаптарда, журнал, газет, пән (қазақ тілі, алгебра, физика т.б.) қолданыстағы ғылыми терминдерді, «жат сөз» - деп, кірме сөздерді (шет тілдерінен енген сөздер) атағаны көрінеді. Термин латын тілінің «terminus» – «шек, шекара» деген сөздерінен пайда болған.
Термин сөздер – белгілі бір салаға ғана тән, соның айналасында ғана қолданылатын сөздер тобы. Ал пән сөздер дегеніміз – газер, журнал, кітап пен пәндерде(математика, физика, география, т.б.) қолданылатын терминдер. Ғалымдар пән сөздер тілімізде болмаса, оларды сырттан алған дұрыс, алайда, оларды өз тілімізге сай етуіміз керек деп пікір білдірді. Себебі ол сөздер қазақ тіліне сіңісіп кете алмайды, емле ережесіне қарсы шығып, қосымша жалғауға қиындық тудырады деп есептеді. Мысалы: Қ.Досмағамбетұлы тілімізге жат сөздерді кіргізгенде тек қана тұл,асын алуымыз керек, оны қазақ тіліне сай икемдеп, қазақша жұрнақтар жалғап сөз жасауымыз керек екенін айтқан болатын. Ал И.Арабайұлы пән сөздерді жалпы түркі тілдерінен алуды қолдайды. Ал Е.Омарұлы тек қана түркілерге ортақ сөзді алмай, жалпы халыққа ортақ сөздерді алуымыз, қарапайым адам да түсінетіндей ыңғайлауымыз керек деп айтты. Және де ғалымдар тобы қабылдануы керек пән сөздер сол пәннің мамандарымен жіті тексерілуі керек екенін, сөздік жасалуы керек болатынын айтты.
Қорыта келгенде, кез келген салаға шеттен сөз енгізер кезде тек тіл мамандары ғана емес, сол пәннің мамандары да араласу қажет. Кірме сөздер айтылған уақытта құлаққа түрпідей тимей, қазақ тілділер қиындықсыз айтатындай жеңіл, қазақ тілінің айтылым, жазылым ережелеріне сай болуы қажет. (100% антиплагият)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет