Сәлима. Сілім, өйтіп қасарыспа, түбі жақсылыққа апармайды.
Сәлім. Мен айтарымды айттым. Ендігісі саған байланысты. Ойланып көр! Жақсылап ойлан! (Орнынан тұрып).Ертең келемін, жауабын сонда айт.
Сәлім кетеді.
Сәлима(Сәлімді табалдырыққа дейін ұзатып салып, бері беттеп тұрып).Құдайым-ау, қайттім еді?! Сәлім, мен сені, бір ғана сені сүйгенмін, сүйіп өтемін бұл өмірден! Тағдыр бізге қосылуды жазбаған. Басында жастығым жанастырмап еді, енді қарттығым қашққақтатады. Қайтпек керек? (Қалтасына қолын салады, асық шығады). Айналайын ақ сақа, қашан ғана Қайраттың баласы ұстар екен?! Қанша ғана Қайраттың баласы ұстар екен?! Қанша иірдім, алшы тұрмайсың. Сәлімге иірейінші, қайтер екенсің. (иіреді). Алшы! Ойбай-ау, мұнысы несі? Алшы тұрғаны қайткені? (Ойланып мұңайып тұр).