Јлдихан Ќалдыбаев



бет169/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   371
Сәлима. Кім?
Фатима. Білмеймін.
Сәлима (трубканы құлағына тосып). Ало... Иә, мен... Қойыңыз... Тірі ме өзі? Мақұл-мақұл!.. (трубканы орнына қоя салып). Бүлдіріпті Қайрат!
Фатима (үрейлі). Не болыпты?
Сәлима. Не болсын, Сәлімді соққыға жығыпты. Кезекші дәрігер айтты. Сәлім ауруханаға түсіпті.
Фатима. Қайрат ұрыпты деді ме?
Сәлима. Жоқ, бірақ түсінікті емес пе?
Фатима. Түсінікті. Енді қайттік? Қайратты соттап жібермесе, не қылсын?
Сәлима. Соттатсын. Сөйтсе, сауап.
Фатима. Қойыңыз!
Сәлима. Қоятын не бар? Қолымен жасағанды мойнымен көтеруі керек адам. Бағы ашылмаған Сәлім! Елім, жерім деп келгендегі көргенің осы болды ма? Бәріне мен кінәлімін! Қайрат оны ұрғанша, мені өлтірсе етті. Мен кеттім Сәлімге.
Фатима. Барыңыз, тез барыңыз. Айтыңыз Сәлім ағайға, «Қайраттың ұрғанын ешкімге айтпа», – деңіз.
Сәлима (жақтырмай). Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы. Өзі намыстан өртеніп жатқан адамға қайтіп айтпақпын олай деп? Ол адамшылыққа жатпас.
Фатима (мәре-сәре болып). Қайдам? Жауыз да болса жарым ғой Қайрат. Оған сіз екеуміздің жанымыз ашымағанда кімнің жаны ашымақ?

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет