Јлдихан Ќалдыбаев


Сәлима. Мына оңбаған кімге әкреңдейді-ей?! Қайрат



бет167/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   371
Сәлима. Мына оңбаған кімге әкреңдейді-ей?!
Қайрат. Саған! (Сәлиманы қатты итеріп келіп жібереді. Сәлима етбетінен түседі. Оңбай жығылады). Жат солай!
Фатима (Сәлимаға көмекке ұмтылады, сүйемелдеп әкеліп диванға отырғызады). Қайрат, сен оңбаған екенсің. Адам емес! Мұның нең? (Сәлимаға). Бір жеріңіз ауырып қалған жоқ па, мама?!
Сәлима. Сынып неге қалмайды?
Қайрат (Сәлимаға). Айтқанға көнбесең, бұдан да зоры болады. (Фатимаға). Әй, саған бердім рұқсат, ертең бар әкімшілігіңе, жұмысқа тұр, үй сұра. Мынау күн көрсетпес екеумізге. (Кіжініп). Полковнигін тезірек жайрату керек екен мұның!


Қайрат кетеді.


Фатима (жылап). Мама, маматай, мен ажырасамын. Шыдамым таусылып бітті. Құрысын бүйткен өмір! Кетемін!
Сәлима (қосылып жылап). Не дейін саған, күнім? Ажыраспа! Сен тастап кетсең, біткеніміз. (Бүйірін таянып, дауыс салып). Бауырым – Еркінім! «Ермек болсын сізге», – деп бауырыма әкеліп салғаныңда бір жапырақ ет еді Қайрат. Еміреніп сүйгенімде тұла бойым тұнып, иіп, емшегімнен сүт шығып еді. Жасымда қуанышым болып еді, қартайғанда сүйенішім болар деп едім. Қасіретіме айналды ұлың. Өз құрсағыңда жатпаған бала жат екен! Сорлы басым, неге ғана бір еркекті еншілемедім? Ұрғашының күні еркекпен екен, соны білсемші, құдай-ау! Еркегі жоқ әйелдің жүзі – қара , көңілі – жара! Сол ғой, әйтпесе, мен де екіқабат болғанмын, алдырып тастағанмын. Аборт жасатқан әйел құрысын! (Еңіреп). Ол – кісі өлтіруші. Алла-ай, рас болса шарана қауіп төнгенін сезіп мазасызданады дейді. Сол бейшараға ит те, құс та мекен еткен мына кең дүниені қимаған мен адам емеспін! Алладан жар болып, жатырымды нәресте емес, торай жарып шықсыншы осыдан, бас салып бауырыма басар едім! Ондай атты күн қайда? (Кеудесінің түймесін ағытып). Жүрегім, жарылып кетсең етті. Өлсемші!.. Үһ-һ!..
Фатима (шыбын жаны шырқырап). Қойыңыз, қойыңызшы, мама, маматай!.. Қайрат құрысын! Осы қазірден бастап мен сіздің қызыңыз боламын. Сөйтіңіз, мені қызым деп санаңыз. Ендігі қалған өмірімді түгелдей сізге арнаймын.
Сәлима (көз жасын сүртіп). Айналайын, аяғаныңнан! Қайтейін, маған сендей қызым болу бақыты бұйырмаған! Мен – көктегі құдай, жо-жоқ, жердегі құдай – коммунистік партия аямаған адаммын. Тақтан тайған сол құдайымыздың қаңыраған жұртында қаңсып қалған шермендемін.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет