Јлдихан Ќалдыбаев


Сәлім. Балам, айтшы, қазақ болуға итермелеген қандай күш? Владимир



бет192/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   371
Сәлім. Балам, айтшы, қазақ болуға итермелеген қандай күш?
Владимир. Қазақтығым. Папа, адам ұлтын таңдамайды, ол – өз ұлтының перзенті.
Сәлім. Жақсы айттың. Мен разымын саған В-в... Бақыт!
Владимир (қуанып). Сіз мені Бақыт дедіңіз бе? Мен – Бақытпын! Қандай жақсы есім!
Сәлім. Иә, сен – Бақытсың. Затың да, атың да қазақ сенің. Ал, енді Астанаға тарт, Бақыт. Алла жолыңды оңғартсын, Қызыр Әулие қолдасын!
Бақыт. Қандай қызық, жаңа ғана палатаға Владимир болып кіріп едім, Бақыт болып шығып барамын! Сау болыңыз, папа! Көріскенше!


Бақыт кетеді.


Сәлім (қуаныштан жарыларман болып). Ұлым менің шынымен қазақ болғаны ма?! Тәуба-тәуба! Ақсарбас! Балам тұрмақ өзім де орыс болып кетіп едім, бәрі орнына келді-ау ақыры! Шынында, Бақытты келісімен ата жұртқа, ағайындар арасына ертіп апарып, қуантайын бәрін! Үлкендердің батасын алайық!


Сәлима кіреді.


Сәлім (қуанышты). Кел-кел, Сәлима! Өте жақсы келдің. Қуаныштан жарылайын деп тұрмын мен осы тұрғанда. Балам келді. Ол қазақ екен!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет