Жамал. Әлбетте, сөйтеміз.
Рауза. Мұндайға келгенде бізден еркектер жүйрік, жорға. Қазақтың қазіргі қариялары – биліктің құлы.
Жамал. Апырай десеңші, біздің қариялар тұлыпқа иіген сиыр болды. Облыс әкімі оларды жинап алып, өзі әлдеқашан шешім шығарып, бағыныштылары орындауға кірісіп кеткен тірлікті алға тартып, ақыл сұраған болады екен. Сөйтсе, шалдар алпыс екі тамырлары балқып: «Мұныңыз бір керемет ұйғарым екен! Бұл – бұрын-соңды болмаған оқиға!» – деп жарыса жамырайды дейді.
Ұлтуған (разы кейіппен). Рас, білсеңдер бұл - дала шонжарларының әдіс-айласы. Құнанбай Қодардың жаны шыққалы жатқан денесіне әр атаның ақсақалдарына бір – бір тас атқызбаушы ма еді, ондағы ойы - Қодарды жазалаған жалғыз өзі емес, бәрі. Әкім де сөйтеді, шешімді өзі қабылдайды, елмен, оның ішінде қарттармен де ақылдасқан, келісіп пішкен болады.
Осы сәтте бұлардың жанына арғы кірмеден шыққан Ұлтуғанның келіні Сағымкүл жақындай береді.
Достарыңызбен бөлісу: |