Рауза. Естігем. Өте дұрыс айтқан.
Бірінші қыз. Оны айтқан ақылдыңыз сіздер сияқты өмірден қалып қойған біреу де. Қазіргі принцип – ешқандай шектеусіз өмір сүру. Бұл - демократиялық қоғамның шарты.
Екінші қыз. Біз – демократкалармыз.
Жамал. Сендер – нәпсісін тия алмаған шіркінсіңдер.
Бірінші қыз. Нәпсісі несі? Меніңше, шылым шегу мен арақ ішудің нәпсіге еш қатысы жоқ. Нәпсі – секске қатысты сөз.
Рауза. Сонда сендер шылым мен арақтың әкесін танытып, секске жоламай жүр екенсіңдер ғой.
Екінші қыз. Неге жоламаймыз, жігіт жетеді.
Жамал. Ертең барған жерлеріңе не беттеріңді айтпақсыңдар, бейшаралар – ау?!
Бірінші қыз. Байға қыз күйінде тию қалғалы қашан, жігіттің ерніне ерні, етіне еті тимеген қыз – бейшара. Ешкім көз салмаған, ешқандай жігіт сауырынан сипамаған қыз – қара бақыр!
Рауза. Сендердей қызды алған жігіт – қара басқыр!
Екінші қыз. Жігітке қыздан қатын жақсы. Қатын – үй, ақша, ләззат, қыз – басқа бейнет, жүк, мақау.
Бірінші қыз. Жігіттер бұрыннан білген, «Қыздан жақсы көремін жас қатынды» – деп әндеткен.
Жамал. Онда сендер: «Біз – жас қатынбыз» - деп жар салыңдар.
Екінші қыз. Жар салып қайтеміз, жанымызға бір рет жатқан жігіттің өзі-ақ біледі, жақсы көреді.
Достарыңызбен бөлісу: |