Рауза. Ойба-а-ай, бұзылған екен мына қыздар!
Бірінші қыз(әндетіп). «Қыздан жақсы көремін жас қатынды».
Екінші қыз(әндетіп). «Ұлдан жақсы көремін егде еркекті».
Жамал. Рауза Оразғалиевна, не болып барады, не дейді мына беті ашылған қарлар – жас қатындар?
Рауза. Жамал Ахметовна, айтудай-ақ айттық, сүйегінен өткізіп айттық, бірақ сөз ұғарлық ұрпақ қайда?!
Бірінші қыз. Ол – ұрпақ – бізбіз.
Екінші қыз.Қайта сіздер ұқпадыңыздар сөзді, қалжыңды түсінбедіңіздер.
Бірінші қыз. Қыздың ары бәрінен қымбат бізге!
Екінші қыз. Солай, апайлар. Кешіріңіздер! Біз кеттік.
Қыздар кетеді.
Жамал (таңданып). Түкке түсінсем, бұйырмасын!
Рауза. Түсінетін не бар, қатырып кетті. (Айқайлап). Әй қыздар, айтпады демеңдер, енді келгендеріңде қолдарыңнан шылым көрсем, онымен ауыздарыңды қаримын.
Жамал. Дұрыс айтасың, сөйтсең, ең болмаса, екі қызды адам қатарына қосар едік.