Рауза. Түу, мынауыңыз лекция болып кетті ғой тіптен.
Жамал. Сол лекция да құрыды емес пе қазір. Жалпы, үгіт – насихат жұмысының бәрі тоқтады. Жұрттың басын біріктіретін де, қатыратын да бір – ақ құрал қалды, оның аты – бұқаралық ақпарат құралдары. Ал оның бәрі – халықтың емес, өздерінің қожайындарының сөзін сөйлейді.
Рауза. Бұқаралық ақпарат құралдарын төртінші билік деуші еді, сіз қолжаулық, дейсіз.
Жамал.Қайдағы билік, әшейін журналистердің бөркін қазандай қылып қою үшін айтылған сөз де ол. Әйтпесе, жалаңаяқ журналист не шешсін?