Рауза (біліп тұрып сұрайды). Қалайша?
Жамал. Иә, жаман қатты білмессің! Өзің білмесең де ана жылы орнынан босатқанда облыстың бұрынғы әкімі Амалбек Тшановтың «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатын оқыған шығарсың?
Рауза. Оқығам жоқ.
Жамал (нықтап). Оқығансың. Екеуміз оқығанбыз. Мейлі, онда есіңе түсірейін, газеттің сұрағы: «Айтыңызшы, әкімдер пара ала ма?» Амалбектың жауабы: «Алмағанда ше, өзі берген параның орнын толтыруы керек қой!». Міне, адамның қалай әкім болатыны, немен айналысатыны жөнінде бұдан дәл, анық, жақсы айтылған сөз жоқ, меніңше. Миыңа бірдеңе кірді ме?
Рауза. Кірді. Әбекең ер екен де, шіркін! Қалай қорықпай айтқан?