Фатима. Менің күйеуім бар ғой.
Сәлима. Бар. Шақырған жұмысқа бара ғой, қарағым. Көппен араласасың, жақсылық көріп ашыласың, жамандық көріп ашынасың. Жаның байып, өрең өседі.
Фатима. Кім біледі?
Сәлима. Мен білемін. Қаншама кеңшілік кернеп, демократия орнамасын, адам билік, мансап дейтін құдіреттерден қол үзе алмайды. Құзыры жоқ адам – қызыры жоқ адам. Билікке ие болатын жер – бұрын да, қазір де өзің барайын деп отырған – ақ үй. Онда аспай-таспай жүрген адам аз емес. Сен де сөйт! Жолың болсын!
Фатима. Рахмет, мама!
Қайрат келеді. Жаңағыдан гөрі қызулау.
Қайрат. Немене, әңгімелерің тағы да мен туралы ма? Айтыңдар-айтыңдар, мен оларыңа түкірмеймін де. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, оны өкінбейтіндей етіп өткізу керек: ойнап-күл, ішіп-же!
Достарыңызбен бөлісу: |