Јлдихан Ќалдыбаев



бет213/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   371
Бірінші қыз. Апа, мұндай анайы сөз неге керек?
Рауза. Мұндай анайы сөз тәрбиеге керек.
Екінші қыз (кекесінмен). Тәрбие! Сіздердей кербаққан кемпірлерден қандай тәрбие шықпақ? Арақ ішпе, шылым тартпа, нашақор болма ма, сонда айтатындарыңыз? Ондай сөзден құлағымыз сарсып біткен. Бәрі – бос сөз.
Жамал. Жоқ, ақыл сөз.
Бірінші қыз. Апа, қойыңызшы, сіздерсіз де миды жейтіндер жетіп артылады.
Рауза. Сендер жақсы болсаңдар, ешкім де беттеріңе қарап сөйлемес еді, өздерің бұзылғансыңдар.
Екінші қыз. Сіздер кімсіздер сонда, дөрекісіздер.
Жамал. Біз – үлкенбіз, кішіге ақыл айтамыз.
Бірінші қыз. Сіздер – ақыл айтып болған адамсыздар. Сіздердің ақылдарыңыз – архаизм, бізге қазіргі заманғы , неоақыл керек.
Рауза. Қазіргі заманың шылым тарту екен ғой.
Екінші қыз. Ия, шылым тарту. Қазір жер үстіндегі барша халықтың қыздары мен қатындары шылым тартады. Сонда не, біз олардан кембіз бе? Қазақ қызы қашан да алғы шепте жүрген. Содан да Әлия мен Мәншүк шығыс халықтарының қыздары ішінен жарып шығып, Совет Одағының Батыры атағына ие болған.
Жамал. Әлия мен Мәншүктің сіңілілері сендер болсаңдар, біткен екен шаруамыз.
Рауза. Айтпаңыз тегі, Жамал Ахметовна, бұл қазақ қызынан айырылған екен.
Жамал. Қызы бұзылған елдің келешегі жоқ. Бұл жөнінде бір ақылды айтыпты деген сөзді естіген боларсың? Ол шіркін: «Қандай да халықтың тұқымын тұздай құрту үшін қыздарын азғындық жолға түсіру керек» - депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет