Јлдихан Ќалдыбаев


Рауза (күліп). Қойыңызшы, тегі, сонша сүмірейтпей. Жамал



бет221/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   371
Рауза (күліп). Қойыңызшы, тегі, сонша сүмірейтпей.
Жамал (немқұрайды). Мейлі ғой, біздің халық үлкенін сыйлаған. Әкім сыйлап шақырып, пікірлерін тыңдамақ болған екен, шалдар аталы сөзін айтса ғой, жоқ, ауыздары көпіріп әкімді жарыса мақтап ала жөнеледі. Ең болмаса, әкім өзі ұстанып отырған бағытының дұрыс-бұрыстығын сұраған кезде құдайшылықтарын айтуға болады ғой, жоқ, басын шұлғып мақұлдайды кеп, мақтайды кеп.
Рауза. Рас айтасыз, осыны мен де байқап жүрмін.
Жамал. Мұны сен екеуміз ғана емес, барлық ел байқайды, біледі. Бәрінің шалдарға зығырданы қайнайды, бірақ мұның арғы жағында әкімнің айласы тұр, соны сезеді де жым болады.
Рауза. Қойыңыз, әкім мен айла бір-біріне шендесетін ұғымдар емес, меніңше.
Жамал. Шендескенде қандай, әкімнің бәрі айлакер, қулығына құрық бойламайды. «Ойлаймын күндіз-түні ақыл-айла, ойлаған ақыл-айла – жанға пайда» деген өлең естіп пе ең? Естімесең, әкім – сондай ақыл ойлап, айласын асырған, жанына пайдасын көрген адам. Әкім – қып-қызыл отқа пісіп, мұздай суға матырылған шарболат.
Рауза. Түу, әкімді алғаш зымиян етіп алып, артынан жер – суға сыйғызбай мақтағаныңыз!
Жамал. Ел басқару ешқашан оңай болған емес, түн қатып жүріп, түс қашуы керек. Әлбетте, игілік бастан асады. Сондықтан да әкім болуды армандамайтын шенеунік жоқ, бірақ қол жеткізу қиынның қиыны.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет