Рауза (қозғалақтап). Әкім де қызық екен, ұялатын адам сынға ілігерлік іске барушы ма еді. Бұл бір ұят азайып, өтірік өрістеген заман болды ғой.
Жамал. Азайған, өрістеген деген аз, жайлаған деу керек. Әсіресе, өтірік етегін кеңге жайды. Алланың әмірі-ай, бұл күнде өтірік айтпайтын пенде жоқ.
Рауза. Жамал Ахметовна, сіз көп білесіз ғой, осы өтірік қайдан шыққан?
Жамал. Білетін не бар, жақсы, жаман адамға тән қасиетттің бәрі адаммен бірге жаратылған. Адамның адамдығы жақсы қасиетті ұстану, жаманға жоламау. Ә-ә айтпақшы, Абай атама жүгінбейміз бе, ол кісі:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз, – деген.
Көрдің бе, Абай – өтірікті дұшпан деп білген, одан қашық болуға шақырған. Қайда, бәтуасыз ұрпақ өз ғұламасының сөзін ұмытып, өтірікті суша сапырып жүр.
Рауза (разы болып). Шынында, сіз көп біледі екенсіз.
Жамал (пәс). Одан не пайда, бізден ешкім ештеңе сұрап жатқан жоқ. Әкім түсінен шошыған екен, шалдарды шақырады ақылдасуға, әккі шалдар әкім қашан шақырар екен деп күтіп отыратынды шығарды қазір.
Достарыңызбен бөлісу: |