Рауза. Әне, енді тауып айттыңыз. Қатырдыңыз!
Жамал.Қайдағы қатырған, құры кіжіну.
Рауза. Ел өстіп айта берсе, Елбасының құлағына жетер не ғыпты.
Жамал. Жетеді. Әлдеқашан жеткен. Елбасы ел ішіндегі мерездің барлығын айтудай-ақ айтып, заңды қатайтудай-ақ қатайтып жатыр ғой, орындаушылар оңбайды. Айтатындары – өң өтірік. Білесің, пара алмасу жасырын жүзеге асады, берген дымын білдірмей беріп, алған жымын білдірмей сіңіреді.
Рауза.Компартияның кезінен асып кетті-ау деймін бұл пәленің ауқымы.
Жамал (жақтырмай). Не деп отырсың сен, Рауза Оразғалиевна? Пара Компартияның кезінде де болған дегенің бе мұның?