Рауза. Ельцинге рахмет! Нағыз орыс екен.
Власов (Қолын сермеп). Ельцин-сатқын.
Жамал. Ельцин –данышпан. Бүкіл отарлаушы ел отарларына бостандық беріп, әлем жаппай үдере дамып жатқанда да орыстар «Ерікті елдерін» уысынан шығармай ұстап отырды. Ельцин орыстарды тарих алдындағы осы күнәсінен арылтты. «Мызғымас одақты» таратып, отар елдерге еркіндік берді.
Рауза.Назарбаевқа рахмет! Жұртта қалған Қазақстанды қатарға қосты, еңселі ел атандырды. Ешкімге телмірмей, етегімізді кеңге жайып келеміз.
Жамал.Рас айтасың, Рауза Оразғалиевна.Отарлықтан арылған ел тез дамиды. Біздің Елбасы мұны жақсы біледі. Айналайын Нұрсұлтан аман болса, енді бірер жылда әлемдегі ең дамыған елу елдің қатарына қосыламыз.
Власов. Шынында, Назарбаев – ақылды адам. Ол сіздер құсап Россия жөнінде теріс сөз айтпайды,қайта Россиямен саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланысты бір сәт те есінен шығармайды.