Јлдихан Ќалдыбаев


Рауза. Өлә-ә-ә, мына кісі не дейді?! Жамал



бет198/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   371
Рауза. Өлә-ә-ә, мына кісі не дейді?!
Жамал. Өлме-е-е, мына кісі сені ұятсыз дейді.
Рауза. Өлә-ә-ә-ә, жаңағы жамандықтың бәрі қалып, ұятсыз болдық па енді демнің арасында. (Ашуланып). Екі елі ауызға бір елі қақпақ керек шығар. Адам деген ауыз менікі екен деп сөйлей бер ме екен?
Жамал. Демнің арасында емес, сен әуелден ұятсызсың.
Рауза. Ал, сіз – әуелден пәлеқорсыз.
Жамал. Солай ма, кет онда, бар!
Рауза. Қайда?
Жамал. Өз есігіңнің алдындағы орындыққа. Құзғын сәріден қас қарайғанша біреудің есігінің аладында сықсиып отырып алып, кірген – шыққанды, әрі өткен – бері өткенді өсектеп, ағаш атқа мінгізесің де отырасың. Сен өзі бұл елге күн көрсетесің бе, жоқ па?
Рауза (миығынан мырс етіп). Сөз-ақ, «Көкек өз атын өзі шақырады». Мен осы жерде қанша отырсам, сіз де сонша отырасыз. Мен бір адам жөнінде титтей жақ аштым екен, сіз дамытып, далитып ала жөнелесіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет