Јлдихан Ќалдыбаев


Жамал. Ойбай-ау, неке туралы заңды қайтпексің сонда? Рауза



бет201/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   371
Жамал. Ойбай-ау, неке туралы заңды қайтпексің сонда?
Рауза. Заңды қойыңызшы сол, оны қазір қолынан келгендер өзіне лайықтап жазып алып жатқан жоқ па?
Жамал. Мейлі, заңды жоғарыдағылар өз ыңғайына қарай құбылта берсін, құдайды қайтпексің? Некесіз туған бала – харам делінген құдайдың кітабы – құранда.
Рауза. Онда сіз де харамсыз.
Жамал. Тәйт әрі!
Рауза. Шошымаңыз! Құдай алдымен Адам-ата мен Хауа-ананы жаратты. Ол екеуі ешқандай некесіз қосылып, құдайға күнәкар болды. Құдай оларды сол үшін пейіштен қуып жіберді. Есесіне бүкіл адамзат баласы сол екеуінен тараған. Біздің бәріміз – некесіз қосылған Адам-ата мен Хауа-ананың ұрпағымыз.
Жамал. Аспапыралла-Астапыралла! Сен осындай дінсіз бе едің?
Рауза. Сіз ғой адамның көкірегіндегі көмбенің аузын ашқан. Айтқаным – айтқан, рас.
Жамал. Айналайын Рауза, қойшы соны, аузымыз қисайып қалар. Сөзің жаман екен, сені қойдым, Ұлтуғанды ермек қыламын.
Рауза. Сізге керек ермек маған да керек, келсін Ұлтуған (Ұлтуған жаққа қарайды). Көңілсіз ғой өзі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет