Ұлтуған(жақындап келіп). Орта толсын!
Жамал. Сізбен болсын! Немене сонша көзіңіз кіртиіп, жүдеп қалыпсыз.
Ұлтуған. Мені жүдеткен сен екеуің.
Рауза. Е-е, не болып қалды, не бүлдіріппіз?
Ұлтуған. Бәрін бүлдіргенсіңдер.
Жамал. Бұл қай жала?
Рауза. Жұмбақтамай, айтып өлтіріңізші, әкпетай!
Ұлтуған. Айтайын. Мен – ашықауызбын. Сен екеуің – кісінің көкейіндегіні көмекейіне жеткізбей сурып алып жұртқа жаятын өсекшісіңдер. Әсіресе, менің айтқандарымды сан- саққа жүгіртесіңдер. Балам сондай өсектеріңнің біреуін естіп қалыпты. Жаңа «Апа үйдегі әңгімені сыртқа тасығаныңыз неңіз?» – деп ренжіді. Келінім де қабағын шытты. (Екеуін ала көзімен атып). Өсекшілер.