Јлдихан Ќалдыбаев


Рауза. Енді не қыл дейсіз, құдағи! Жамал



бет200/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   371
Рауза. Енді не қыл дейсіз, құдағи!
Жамал (күлімдеп). Әне, абысының келе жатыр.
Рауза. Онысы кім тағы? (Арғы кірме жаққа қарайды, одан шығып, бері қарай беттеген Ұлтуғанды көреді). Ұлтуғанды айтасыз ба, ол қашаннан бері абысын болып жүр маған?
Жамал. Ұлтуғанның байы байыс болатын. Сен пәле тимегінің болмаса, талай байыстың өкпесін өшіргенсің. Абысының – ол.
Рауза. Бір тазға бір таз: «Бас жаққа барыспайық» - деген екен. Сол айтпақшы, етек жаққа барыспай-ақ қойсақ қайтеді? Партияда қызмет істеген қатынның құдай өзі кешірсіннен басқасын көрген емеспін. Сіз қай бір сүттен ақ, судан таза болдым дейсіз.
Жамал (нығарлап). Сөз-ақ мен – байым бар қатынмын, бас жаққа да, басқа жаққа да барыса беремін. Өміріңде бір еркекпен бір күн бірге тұрып көрмеген сен мұндай әңгімеге ұяттысың, әрине.
Рауза. Не қылған ұят, екі баламның да әкелері өзіме белгілі. Екі баламның да әкелері мені сүйген, мен де оларды сүйгенмін. Бала махаббаттан жаралады. Әйелге бала көтеру үшін меншіктеген байы болуы шарт емес, ұрғашы мен еркек бір-бірін сүйсе, жетіп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет