Јлдихан Ќалдыбаев


Күләнда. Солай қарай аяқ басып көр осыдан, қолыңда өлейін. Мұсатай



бет43/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   371
Күләнда. Солай қарай аяқ басып көр осыдан, қолыңда өлейін.
Мұсатай. Өлмесең ома қап. Аяйтын не бар ол алжыған албастыны.
Әлипа (түңіліп). Түу, сөзің қандай ірі еді, қарағым-ай? Осы ауылда өскен бала дейтін емессің ғой өзіңді тіптен.
Мұсатай. Ә-ә, бұл ел білмей жүр екен әлі Мұсатайды. Баяғы қолда өскен бала деп жүрсіңдер ғой. Жоқ. Мен енді бригадир Мұсатаймын. Мен елдің емес, ел менің тілімді алуы керек қазір. «Бригадир Мұсатай келе жатыр» – дегенде, аяғынан тік тұрғызамын әлі бұл ауылдың адамдарын.
Әлипа. Онда біткен екенсің әбден. Солай бар да шауып ал, жауың сол шал болса.
Мұсатай. Бітсін, бітпесін, вот, шауып алам. Енді қайтіп балалардан атын аулақ арқандайтын етемін. Көресіңдер вот. (Мұсатай бұрқан-талқан болып кетуге ыңғайланды. Күләнда шап беріп өңірінен ала түседі).
Күләнда (қатты ашынып). Бармайсың дедім бе, бармайсың. Сен ардан безген екен деп мен де безе алмаймын. Жібермеймін. Қане, солай қарай бір адым басып көрші?
Мұсатай (шошып қалып). Өй-өй, мынау қайтеді-ей? Жібер жағадан алмай. Ұят болады. Баламызды әкелмейміз бе енді? Жібер...
Күләнда. Солай де. «Ұят болады» де. Бәсе, ұятты шынымен қойған екен десем, бірдеңе бар екен ғой әлі. Бар. Бар да атамнан балаларды ептеп сұрап алып қайт.
Мұсатай. Тиіп нем бар ол қызыл көз шалда. Ертең оқуға алып жүрейін деп отырғанда, баланы бірдеңеге ұрындырып жүрмесін деп жатқаным да... (Мұсатай кетеді).
Әлипа. Мұсатайдың мінезі осындай ма еді, ә, келін? Өте нербней боп кеткен екен, бірдеңеге ұрынып жүрмесе жарар еді өзі.
Күләнда. Е-е, қайда барар дейсіз, апа. Әбден-ақ састырдым ғой өзін. Балаларыңыздың сырын білмеуші ме едіңіздер? Бұрқ-сарқ қайнауынан гөрі, бүлк етіп басылуы оңай жазған ғой ол.
Әлипа. Мейлі, әйтеуір аман-сау жүрсінші бәрі де... Бәрі от болып кеткен тегі бұлардың бұл күнде. Бірдеңе десең, шап ете түседі өзіңе.
Күләнда. Атама қарап үні шықпайды енді оның. Өйтпейді екен атама шекесінен біраз шертпек алдырып қайтады өзі-ақ.
Әлипа. Иә, деген-ау. Осы Мұсатайлар біздің қарттың шертпегімен, тәк-тәгімен өскен бала еді. Қара енді. Ұмыта қоятын уағы бола қойған жоқ еді...
Күләнда. Мінез ғой, апа. Әйтпесе, неге ұмытсын.

Алтыншы көрініс




Кешкі апақ-сапақ кез. Әріде далиған бір сала қауындық. Желіде піскен қауын-қарбыз самсап жатыр. Қауындық шетінде, биіктеу жерде күрке тұр. Оның босағасында «Шертпек шарты» ілінген. Күркенің дәл көзінде Шаншар атай мен Бекен отыр. Қолдарына бірден-екіден қауын-қарбыз көтерген балалар тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет