Санатбай. Сонда да Абай сізден ақылды шығар не қыпты?
Шаншар атай. Оған сөз бар ма? Бірақ, сен Абайдың менен ақылды екенін біліп айтсаң етті бұл сөзді. Дария мен тамшыны, құз бен сазды салыстыру ақылдылыққа да, тапқырлыққа да жатпас. (Атай әңгіме қызығымен босаңсып кеткен балаларды шыбығын шыпылдатып жасқап). Әй, кәне, жөндеп тұрыңдар. Сендер мені сөзге алдандырып қойып, құртып тұр екенсіңдер ғой, бағанадан бері. Жоқ, болмайды бұларың. Әңгіме жақсы-ақ, бірақ жазаны ұмытпауымыз керек. Тәтті менен ащыны татқан біледі, жаза парқын жақсылап тартқан біледі. Тұрыңдар, былай жайылмай, жандарыңның барында? (Балалар атайдың қаһарынан қорыққанынан лажсыздың күнінен қайтадан жөнделіп тұрып жатады). Әшірбек. Ата, жіберіңізші. Ендігәрі қауындығыңыздан он шақырым аулақ жүруге ант етейік тіптен.
Шаншар атай. Е-е, оның не сонша тарынып? Жоқ, елден бұрын сен шаршадың ба шынымен-ақ?