Јлдихан Ќалдыбаев


Әшірбек. Онда кеткім келген. Енді кетпеймін. Шаншар атай



бет53/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   371
Әшірбек. Онда кеткім келген. Енді кетпеймін.
Шаншар атай. Сонда қалай?
Әшірбек. Балалардың бәрін жіберіңіз. Сонда кетемін.
Шаншар атай (разы болып). Солай де. Міне, гәп қайда жатыр? Сөйтеді енді бұлар. Біріне жақсылық жасасаң, бәріне жасауың керек бұл сабаздардың.


Балалар шулап қоя береді.


Балалар. Ата, бізді де жіберіңізші. Сөйтіңізші, ата...
Санатбай. Бізге де өзіміз көтеріп тұрған қауын-қарбызымызды беріп жіберіңіз. Кетейік соны арқалап алып...


Шаншар атай не қыларын білмей, аңтарылып тұрып қалады. Атайдың қатал райдан қайтып, жібігенін байқаған балалардың алды әй-шәйға қарамай орындаоынан қозғала бастайды. Шаншар атай әуелгі қаталдығына енді қайтып баса алмайтынын біліп, жымиып тұрады бір рақаттанып.


Шаншар атай. Оу-оу, батырлар-ау, бұларың не аты-жөні жоқ баса көктеп? (Балалар батпай тағы дүрдисіп қалады. Атай қолын бір сермеп). Уа, мейлі онда. Жеткен шығар, ендеше. Ұйымшылын қарай көріңдер-ей өздерінің. Сендердің осы ұйымшылдықтарыңды сынайтын бір жер табылып тұр. Ертеңнен бастап шөпке жиналыңдар бәрің. Шөп жинауға ауылдағы барлық шал-шауқан, бала біткен түгел кірісетін болдық. Мына Санатбай мені менсінбей тұр ғой. Басқарма өйткен жоқ, бағана шақыртып алып: «Ен байлыққа ие бола алмай жатырмыз. Жұмыс қолы жетпей тұр. Бұған не айтасыз?» – деп ақыл сұрады. Басқарма бар, мұғалімдердің бар сендермен ақылдасып, көмек сұрамақ екен. Басқармаға мен: «Барады балалар», – дедім. Қане, енді айтыңдаршы, түге, дәл осындай төрт көздерің түгелде. Бұған қалай қарайсыңдар өздерің? Мүмкін, мен артық айтқан шығармын.
Балалар. Қалай қарайтыны бар? Дұрыс айтқансыз? Шөп жинау да сөз болып па? Одан зоры болса да істейміз біз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет